конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Заң мен әділдік - елдің іргетасы» жобасы 400-ден...

«Заң мен әділдік - елдің іргетасы» жобасы 400-ден астам алматылыққа құқықтық көмек алуға көмектесті

Алматы 17.06.2026, 11:28 209 yakiya
«Заң мен әділдік - елдің іргетасы» жобасы 400-ден астам алматылыққа құқықтық көмек алуға көмектесті
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған «Заң мен әділдік - елдің іргетасы» жобасының алғашқы кезеңі қорытындыланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жобаның нәтижесі туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық адвокаттар алқасының өкілі Зарина Амбракулова және үкіметтік емес ұйымның заңгері Маржан Көбеева баяндады.

Спикерлердің айтуынша, жоба мемлекет кепілдік берген қолданыстағы заңгерлік көмек жүйесін толықтырып, азаматтардың білікті құқықтық кеңес алу мүмкіндігін едәуір кеңейткен.

«Адвокаттар қауымдастығы үшін бұл жобаға қатысу - үлкен мәртебе. Мұндай бастамалардың пайда болып, қолдау табуы бізді қуантады, себебі олар заңгерлік көмекті адамдар үшін қолжетімдірек етеді», - деді Зарина Амбракулова.

Зарина Амбракулова атап өткендей, Қазақстанда мемлекет кепілдік берген құқықтық көмек жүйесі бар. Бірақ ол белгілі бір заң талаптары мен рәсімдерге байланысты көрсетіледі.

«Көп жағдайда азаматтар тегін заңгерлік көмекті мәселе сотқа жеткенде немесе ресми тергеу басталғаннан кейін ғана алады. Ал бұл жобаның маңызы - адамдар өз құқықтарын алдын ала біліп, мәселе күрделенбей тұрып-ақ кеңес ала алады», - деді ол.

Ал Маржан Көбееваның айтуынша, жоба барысында 32 кездесу өткізілген. Сонымен қатар, чат-бот, жедел желі және қоғамдық қабылдау арқылы қала тұрғындарынан 400-ден астам өтініш түскен.

Ең жиі кездескен мәселелер - ПИК пен МИБ жұмысы, коммуналдық төлемдер, қарыз өндірісі, әлеуметтік төлемдер, жер және еңбек даулары.

«Бұл өтініштер адамдарға тек заңгерлік көмек емес, өз құқықтарын түсіндіретін қарапайым әрі нақты ақпарат қажет екенін көрсетеді. Уақытылы берілген кеңес көп жағдайда даудың ушықпауына және сотқа жетпеуіне көмектеседі», - деді ол.

Оның айтуынша, цифрлық құралдар да үлкен рөл атқарған: чат-бот пен жедел желі арқылы тұрғындар үйден шықпай-ақ кеңес ала алған.

«Көп жағдайда жұмыс бірінші өтінішпен аяқталмайды. Біз азаматтарға құжаттарды дайындауға, рәсімдерді түсінуге, мемлекеттік органдармен дұрыс байланыс орнатуға және мәселені шешу жолдарын табуға көмектесеміз. Біз үшін тек заңгерлік кеңес беру емес, адамның нақты нәтиже алуына көмектесу маңызды», – деді Маржан Көбеева.

Жоба қатысушыларының пікірінше, ең маңызды нәтиженің бірі - халықтың құқықтық белсенділігінің артуы. Енді тұрғындар көптеген мәселені заң аясында шешуге болатынын және ерте кезеңде-ақ көмек алуға мүмкіндік бар екенін жақсырақ түсіне бастаған.

Спикерлер жобаның жұмысы әрі қарай да жалғасатынын және оның алдағы уақытта Алматы тұрғындарын құқықтық көмекпен кеңінен қамтуға мүмкіндік беретінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құқықтық сауаттылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);