AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекс...

Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан стандарттау және метрология саласындағы іс-қимыл жоспарын мақұлдады

Ресми бөлім 21.05.2025, 12:31 824
Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан стандарттау және метрология саласындағы іс-қимыл жоспарын мақұлдады
Ақорда

20 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Өзбек техникалық реттеу жөніндегі агенттігінің делегациясымен ресми кездесу өткізді. 



Келіссөздер шеңберінде тараптар техникалық реттеу, стандарттау, сәйкестікті бағалау және метрология саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады. Сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде саудадағы техникалық кедергілер және санитариялық-фитосанитариялық шаралар, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мәселелері жөніндегі ақпараттық орталықтың жұмыс істеуі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Талқылау стандарттау саласындағы, оның ішінде ұлттық стандарттарды халықаралық және өңірлік нормативтермен үйлестіру контекстіндегі өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын да қамтыды. Тараптар техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы заңнама туралы ақпарат алмасты, осы саладағы құқықтық қамтамасыз етудің ағымдағы тәсілдерін талқылады және реттеуші тәжірибелерді одан әрі жақындастыруға мүдделілік білдірді.

Кездесу қорытындыларының бірі - «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК мен «Өзбек ғылыми сынақтар және сапаны бақылау орталығы» мемлекеттік мекемесі арасындағы сәйкестікті бағалау саласындағы 2025-2026 жылдарға арналған екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қызметті іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Құжат екі тараптың практикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге, білім алмасуға және халықаралық стандарттарға сәйкес өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға деген ұмтылысын көздейді.

Тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады және қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел арасындағы техникалық реттеу және стандарттау саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Өзбекстан #Стандарттау #серіктес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Баспана, әлеуметтік қолдау және көлік: Алматы әкімінің қабылдауында тұрғындар қандай жайттарды көтерді

Бүгін 20:11

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Шығыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымы жобаларымен танысты

Бүгін 19:15

Алматыда кітапқұмар отбасылар бас қосты: №219 мектептегі ерекше күн

Бүгін 18:48

Абай университетінде 10 мың студент қатысқан «Таза Қазақстан» апталығы аяқталды

Бүгін 18:41

Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысында инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді

Бүгін 18:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);