AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / XXV республикалық «Абай оқулары» басталды

XXV республикалық «Абай оқулары» басталды

Білім және ғылым 11.06.2024, 11:27 829
XXV республикалық «Абай оқулары» басталды
Сурет: Gov.kz

10-13 маусым аралығында Абай облысындағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде XXV республикалық «Абай оқулары» өтеді. Көркемсөз байқауына 8-11 сынып оқушылары қатысуда.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Байқаудың мақсаты - қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеую

Салтанатты шараның ашылуында Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев жас таланттарға сәттілік тіледі.

«Абай оқулары оқушылардың рухани дамуына ерекше әсер ететін қоғамдық - мәдени шара екендігі жыл сайын айқындалып келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жас дарындардың басын қосатын киелі мекенде әр қатысушы сөз өнері шыңында сыналады, қабілет қарымын арттырады. Қазіргі жаңа буын Абай мұрасынан нәр алып, оның асыл сөздерін, асқақ поэзиясын, терең философиясын бойына сіңіріп өсуге тиіс», - деді Қаныбек Жұмашев.

Республикалық қорытынды кезеңде 130-дан аса жас дарын 6 номинация бойынша бақ сынасады:
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі».

Басты шарт - қатысушылар Абай шығармаларын жатқа айтуы тиіс.

Айта кету керек, Абай оқуларының жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдармен марапатталады. Сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының атынан грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай оқулары #көркемсөз #байқау #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика