конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «WorldSkills Almaty-2022» өңірлік чемпионаты баста...

«WorldSkills Almaty-2022» өңірлік чемпионаты басталды

Спорт 11.05.2022, 12:54 1,500 Almaty-akshamy
«WorldSkills Almaty-2022» өңірлік чемпионаты басталды
Cурет: Әкімдік

Чемпионатқа 51 құзыреттілік бойынша 350-ден астам жас мамандар қатысады


«Білімді ұлт «Сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында жұмысшы мамандықтарды танымал ету және «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық қозғалысын қолдау мақсатында 2022 жылғы 11 мамырдан 20 мамыр аралығында қала колледждерінің алаңдарында «WorldSkills Almaty-2022» аймақтық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жарыстың ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қатысты. Чемпионат жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға, тәжірибе алмасуға және қатысушылардың құзыретін кеңейтуге бағытталған.


«2015 жылдан бастап Қазақстан WorldSkills International халықаралық қозғалысының – алған кәсіби дағдыларын көрсететін жарыстардың мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады. 21 колледж базасында өтетін чемпионат алаңдары сіздер үшін кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықты таңдау мақсатында ашық болады», – деді Әсем Нүсіпова.

Чемпионатқа 51 құзыреттілік бойынша 350-ден астам жас мамандар қатысады. WorldSkills Almaty аясында Abilympics және DeafSkills чемпионаттары қатар өтетін болады, онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер өздерінің бірегей таланттарын ашады.
WorldSkills Almaty-2022 жарыстары WorldSkills International халықаралық чемпионатына қатысу үшін үздіктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Айта кетерлігі, Алматыда 182 мыңнан астам студент білім алатын 36 жоғары оқу орны бар. Қалада жалпы контингенті 73 719 студент болатын 83 колледж (23 – мемлекеттік және 60 жеке) жұмыс істейді. Техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдарында кадрлар даярлау 99 мамандық және 165 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
2022 жылы колледжде білім алушыларды қабылдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 3500 орынға – 11405-тен 14900 орынға дейін ұлғайтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 16:00

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Бүгін 15:52

Алматыда «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті

Бүгін 15:49

Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзілмеуге тиіс

Бүгін 10:02

«Медеу» бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды

Кеше 21:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);