AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «WORLD PAINTING » коллекциялық монеталарының сатыл...

«WORLD PAINTING » коллекциялық монеталарының сатылымға шықты

Әлеумет 29.08.2024, 15:41 1,157 Bakyt
«WORLD PAINTING » коллекциялық монеталарының сатылымға шықты
iapn.kz

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РМУ Алматы қалалық филиалы 2024 жылғы 28 тамызда «Қазақстанды монеталар арқылы таны» сериясынан WORLD PAINTING  коллекциялық монетасының сатылуы туралы хабарлайды.

«Қазақстанды монеталар арқылы таны» сериясынан WORLD PAINTING  коллекциялық монетасын сату Ұлттық Банктің https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

WORLD PAINTING  коллекциялық монеталары туралы:

Қазақстанның халықаралық World Painting арт-жобасындағы фрагменті – Семей полигонында ядролық сынақтан зардап шеккен суретші Кәріпбек Күйіковтің бейбітшілік құсы – көгершін суреті мен Әбілхан Қастеевтің немересі, суретші Дәурен Қастеев салған зәйтүн ағашының бұтағы монета дизайнына негіз болып отыр. 

WORLD PAINTING монета жобасы туралы:

Адамзатты біріктіретін туынды. Халықаралық әлеуметтік арт-жоба – әлем елдері өкілдерінің қолынан шыққан фрагменттер мозаикасынан тұрады. «Әлем бейнесі» бір қылқаламды бір-біріне беру арқылы ең көп адам қатысқан өнер туындысы ретінде Гиннес рекордын орнатты.

Арт-жобаға 200-дей елден 2070 адам бояу ізін қалдырды. Кенептің ұзындығы – 4 метр, биіктігі 1 метр 27 сантиметр. Бұл – жер шарының кішірейтілген ауқымдағы параметрлері. «Әлем бейнесі» туындысының көшірмесі халықаралық ғарыш станциясын да шарлап қайтты.

Арт-объект – планетаның барлық тұрғыны ұлтына, нәсіліне, дініне және тұрғылықты жеріне қарамастан Жер бетінде үйлесімділік пен келісім орнаған бейбіт әрі берекелі өмірді армандайтынының айқын дәлелі.

Кенепте Олжас Сүлейменов, Димаш Құдайберген, Александр Винокуров, Тимур Бекмамбетов, Николя Саркози, Рой Джонс, Бай Линг және басқа да танымал адамдар өз белгілерін қалдырды.

Монеталар:

- күмістен жасалды, сынамасы – 925/1000. Түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылды. Монета массасы –  62,2 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңге. Монеталардың таралымы – 300 дана. 

Күміс монеталардың бейнесі

 

МН 25 нейзильбер қоспасынан жасалды. Түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылды. Монета массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік. Монеталардың таралымы – 5 000 дана.

 

Мельхиор монеталардың бейнесі

 

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалды.

Пайдаланушы үшін «Қазақстан монеталары» мобильді қосымшасы да жұмыс істейтінін еске сала кетейік. Онда монеталарға қысқаша сипаттама беріліп, сериялар бойынша тақырыптық бөлімдерге бөлінген. Яғни, ҚҰБ шығаратын монеталар туралы ақпарат толықтай қамтылған. Жекелеген монеталар бойынша бейнероликтерге, монеталардың 3D-суреттеріне, сондай-ақ толықтырылған шынайылық элементтеріне сілтеме берілген.

Мобильді қосымшаны PlayMarket пен AppStore дүкендерінен жүктеп алуға болады

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коллекциялық монеталар #ұлттық банк #WORLD PAINTING
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);