AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / World Boxing Азияда жаңа бокс конфедерациясының құ...

World Boxing Азияда жаңа бокс конфедерациясының құрылғанын хабарлады

Спорт 25.11.2024, 10:48 1,002
World Boxing Азияда жаңа бокс конфедерациясының құрылғанын хабарлады
olympic.kz

World Boxing Азияда бокстың дамуы мен насихатталуын бақылау мақсатында жаңа Азия бокс конфедерациясының ресми түрде құрылғанын жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) Азия бокс конфедерациясының (ASBC) тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне байланысты президенттік қызметінен кеткен Пичай Чунхавадзира жаңа ұйымның құрылуына және оның болашақтағы жұмысына толық қолдау білдіретінін айтты.

World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин жаңа конфедерацияның құрылуы Азия боксының әлемдік аренада ерекше орын алатындығын және бұл қадам спорттың дамуына жаңа серпін беретінін ерекше атап өтті:

«Мұндай жаңашыл құрылымды құруға қатысу – үлкен мәртебе. Бүгінде Азия боксы әлемдік аренада ерекше рөл атқарады. Жаңа конфедерация біздің аймақтың алатын орнын одан әрі бекітіп, осы спорт түрінің дамуына жаңа серпін береді», – деді ол.

Жаңа Азия конфедерациясының құрылуы құрлықтағы бокс саласының дамуына жол ашады. Ұйым тәуелсіздік, әділеттілік және спортшыларды қолдау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, барлық мүдделі тараптарды ортақ мақсатқа біріктіреді.

Бұл қадам Азия боксының халықаралық деңгейде одан әрі күшті орын алуы мен Азия елдеріндегі жас боксшылардың дамуында жаңа мүмкіндіктер туғызатынына сенім береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#WorldBoxing #АзияБокс #ГеннадийГоловкин #бокс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін 00:04

Алматы балабақшаларында балаларға өз қауіпсіздігін қорғау үйретілуде

Кеше 19:02

Жарыққа ұмтылған ұрпақ: білімге бастар бір қадам

Кеше 18:37

Мемлекет басшысы еліміз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің халықаралық құқықты қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді

Кеше 18:09

Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

Кеше 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);