Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Владимир Шихотов: Біздің бірлігіміз - әралуандығым...

Владимир Шихотов: Біздің бірлігіміз - әралуандығымызда

Жолдау 2023 02.09.2021, 09:03 1,649
Владимир Шихотов: Біздің бірлігіміз - әралуандығымызда
Сурет: Vecher.kz

Жолдауды қолдау


Қазақ тілін дамыту ҚР мемлекеттік саясатының әлі де басым бағыттарының бірі болып отыр.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында біздің басты игілігіміз еліміздің халқы, оның бірлігі мен ынтымақтастығы екенін атап өтті. «Жетісу казактары одағы» аймақтық қоғамдық ұйымының төрағасы Владимир Шихотов аталған тезистің маңыздылығын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 «Президент бізге, қазақстандықтарға, ел халқының бірлігін нығайта түсу қажеттігін ерекше атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде бұл тезистің маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Оның мәні мынада: біздің әрқайсымыз біртұтас қазақстандық қоғамның бір бөлігіміз және біз осыны ешқашан ұмытпауымыз керек. Біз әралуанбыз, бірақ біртұтаспыз», - деді Владимир Шихотов. 
«Жетісу казактары» АҚҰ басшысы Қазақстан халқының мәдениеті, қазақ, орыс және басқа да тілдері біздің ортақ игілігіміз екендігін айтты.
 «Президент орыс тілінің ресми мәртебеге ие екендігін еске салды және оны естен шығармаған жөн. Соған қарамастан, Мемлекет басшысы мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйренуге шақырды. Қазақстан халқының тілі, этностардың салт-дәстүрі – қазақстандық қоғамды нығайтатын ортақ мәдениетіміз», - деп атап өтті ҚХА мүшесі. 


Спикер осы құндылықтарды негізге ала отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында Президент айтқан аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға әрбір адамның қатысуы керектігіне сенімді.
 «Мемлекет басшысы жастар саясатын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Жастарымыз біздің қоғамның құндылықтарын сіңіре отырып, оларды дамытып, нығайтулары қажет. Президенттің биылғы Жолдауында экономиканың, әлеуметтік және қоғамдық дамудың маңызды бағыттары қамтылған. Мемлекет басшысы маңызды міндеттерді шешу үшін бізде барлық қажетті ресурстар бар екенін атап өтті. Біз, барлық қазақстандықтар, жасымызға, ұлтымызға қарамастан, Президентіміз қойған міндеттерді орындауға қатысуы керек. Тек жүйелі жоспарлы жұмыс қана бізге алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп түйіндеді «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының тең төрағасы. 


Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Парламент палаталарының кезекті отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #президент #бірлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Бүгін 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін 18:10

Президент: «Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады»

Бүгін 18:06

Абай университетінің ғылыми жобалары халықаралық саммит көрмесіне қойылды

Бүгін 17:59

Алмат Амангелді: «Қуыршақ театры – ең нәзік, ең тылсым өнердің бірі»

Бүгін 17:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика