AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Визасыз режимнің ұтымды тұстары көп

Визасыз режимнің ұтымды тұстары көп

Әлеумет 05.05.2023, 04:24 929
Визасыз режимнің ұтымды тұстары көп
almaty-akshamy.kz

Алмат ҚОДАСБАЕВ, Алматы қаласы мәслихатының депутаты:



  • Қытай мен Қазақстан арасындағы визалық режимді жеңілдету, атап айтқанда, 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз режимді енгізу мәселесі біраздан бері қоғамның қызу талқысына түсіп жатыр. Халықтың алаңдауы заңды. Өйткені Қытай азаматтарының иммиграциясы ретсіздеу екені рас. Бірақ 2022 жылдан бастап қытай азаматтары үшін визасыз режим қолданыста. Дегенмен халықтың ағыны айтарлықтай күшті деуге келмейді.


30 күнтізбелік күнге дейін визасыз режимді енгізудің еліміз үшін ұтымды тұстары көп. Туризм және жаппай кәсіпкерлік саласындағы еліміздің  әлеуеті үшін үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ Қытайда біздің қандастар да тұрады емес пе, оларға тарихи Отанына саяхат жасау, достары мен туыстарына келу оңайырақ болады. Зейнеткер қытайлықтар әлемдегі ең белсенді туристердің бірі, бұл Қазақстандағы туризмнің дамуына жағымды әсер етеді. Сонымен қатар, қандай да бір жағымсыз салдарлар туындаған кезде шарттың күшін жою мүмкіндігі әрқашан бар.



Қытай қашан да Қазақстанның маңызды экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді және бұл - екі елдің бизнесінің ынтымақтастығын дамытуға жақсы мүмкіндік. Біздің кәсіпкерлеріміздің мұндай үлкен нарықты пайдаланбауы ақылға қонымсыз болар еді деп санаймын.



Бұл жағдай біздің төлқұжатымыздың индексін арттырып, уақыт өте келе, қазақстандықтар үшін визасыз елдер тізімінің өсу ықтималдығын арттыратыны да маңызды. Үшіншіден, көптеген рейстер ашылатындығын ескере отырып, тауарлар ассортименті кеңейеді: қандай да бір көрмеге бару, мысалы, жаңалықтарды жеткізу туралы шарт жасасу, жөнелтуді, тиеуді ұйымдастыру және бақылау жұмыстары жандана түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Қытай #виза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика