AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Венгрия елшілігі Мәсімовке қатысты пікір білдірді

Венгрия елшілігі Мәсімовке қатысты пікір білдірді

Саясат 21.11.2022, 15:00 1,539 Almaty-akshamy
Венгрия елшілігі Мәсімовке қатысты пікір білдірді
Сурет: Ашық дереккөз

Венгрия елшілігі Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің төлқұжатына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz orda.kz-ке сілтеме жаксап.


Қараша айының бірінші жартысында Самарқандта өткен Түркі кеңесінің саммиті барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті. Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшылары әдеттегідей екі жақты қарым-қатынастар, экономикалық ынтымақтастық және Ауғанстан мәселелерін талқылады.


Алайда кейбір БАҚ Орбанның Тоқаевқа Кәрім Мәсімов пен оның отбасы мүшелерінің Венгрия азаматтығы бар екенін айтқаны туралы, әрине, өз дереккөздеріне сілтеме жасап, мүлдем басқа ақпарат жариялады.


Бұл ақпарат еш жерде ресми расталмағандықтан, Orda.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Венгрияның Қазақстандағы Бас консулдығына жүгінген. Дипломатиялық департамент Мәсімовтің ешқашан Венгрия азаматы болмағанын айтты.


2022 жылдың 6 қаңтарында Кәрім Мәсімов қызметінен босатылып, орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды. 8 қаңтарда ҰҚК баспасөз қызметі Мәсімов пен оның орынбасарларының ұсталғаны туралы хабарлады.


ҰҚК мәліметінше, Мәсімов пен Садықұловтың әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі «Мемлекетке опасыздық», 179-бабының 3-бөлігі «Билікті күштеп басып алу» және 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы «Билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бойынша сарапталған.


18 қарашада Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты сот процесі басталды. Оның ісі құпия. ҰҚК экс-басшысының соты жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Істің жай-жапсары Парламент тиісті шешім шығарса ғана құпиялықтан шығарылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәсімов #Венгрия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Кеше 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Кеше 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика