AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Ұстаздарға да жүк артылды

Ұстаздарға да жүк артылды

Жолдау 2023 09.09.2021, 09:07 3,558 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Ұстаздарға да жүк артылды
Сурет: Аdyrna.kz

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ ұжымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған  «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауымен толық танысып, маңызды мәселелер төңірегінде өз ойларын ортаға салды.


Кафедраның аға оқытушысы Гүлбала Кеніштайқызы Жолдаудағы «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму», «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру», «Сапалы білім беру», «Өңірлік саясатты жетілдіру», «Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру», «Саяси жүйе және адам құқығын қорғау», «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» атты жеті басымдыққа жеке-жеке шолу жасады. Академиялық бөлімнің бас маманы Назерке Қарабалаева «Сапалы білім беру» бағытындағы көтерілген маңызды мәселелерге тоқталды.


Мемлекет басшысының мұғалімдердің біліктілігін арттыруды 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуге назар аударғаны институт қызметі үшін маңызды шара болмақ деп отыр мамандар. Бұл мәселені осыған дейін республиканың бас ұстазы Асхат Аймағамбетов те қозғаған болатын. «Өрлеу» БАҰО тарапынан өткізіліп жатқан курстық іс-шараларда  мұғалімдердің пәндік білімін көбейтуге, пән мазмұнын дұрыс түсінуіне, білім алушылардың оқу әрекетін дұрыс жоспарлауға, бағалауға, сабақ беру, оқушыларды оқуда қолдау сияқты  шеберліктерін шыңдауға басымдық беріліп келеді.  Кафедрадағы тренерлер осы бағытта курстарды сапалы ұйымдастырып, жүйелі түрде өткізіп жүр. Курстық іс-шараларға мұғалімдер тарапынан да жауапкершілік артқанын айта керу керек.


«Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» басымдығында көтерілген мемлекеттік тіл туралы мәселе тақырыбында «Курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертханасының» меңгерушісі Перуза Асылбек өз пікірін мемлекеттік саясатпен, қоғамдық жағдаймен байланыстыра отырып, тілдің иесі – халқымыздың өзін жаппай мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге жұмылдырудың аса маңызды екендігін атап өтті.


Сөз кезегінде оқу және мониторинг бөлімінің бас маманы Гүлмира Темірханова «Су тапшылығы» тақырыбы бойынша әріптестерді су көздерін үнеммен пайдалануға, ғаламшардағы адамзатқа берілген мүмкіндіктерді бағалауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #жүк #Аға #қала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);