AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ұстаздар әр 3 жыл сайын біліктілігін арттыруға мін...

Ұстаздар әр 3 жыл сайын біліктілігін арттыруға міндетті болады

Білім және ғылым 01.02.2022, 07:23 1,543
Ұстаздар әр 3 жыл сайын біліктілігін арттыруға міндетті болады
Сурет: Shkolabuduschego.ru

Бұл жөнінде Үкімет отырысында мәлім болды.


ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің мәлімдеуінше, біліктілікті арттыру курстары енді 5 жылда бір рет емес, 3 жылда бір рет өткізілетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



 «Болашақ педагогтерді дайындау сапасын арттыру үшін, салалық біліктілік шеңберін және «Педагог» кәсіби стандартын бүгінгі заман талаптарына сай өзгертеміз. Пән мұғалімдерінің тапшылығы проблемаларын шешу үшін қайта даярлау тетігін қолданамыз. Мысалы, мамандығы мұғалім емес, бірақ кәсіби білімі мен тәжірибесі жеткілікті мамандар мұғалімдікке қайта даярлау арқылы тартылатын болады», - деді ведомство басшысы.



Министр бұдан былай педагогтер біліктілігін әр 3 жыл сайын арттыруға міндетті болатынын атады.



«Мемлекет басшысының тапсырмасымен біліктілікті арттыру курстары енді педагогтер үшін 5 жылда бір рет емес, 3 жылда бір рет өткізілетін болады. Тиісті заң жобасы Парламентте қарастырылуда. Педагогтердің курстарының мазмұны да айтарлықтай өзгереді. Педагогтерді жұмысқа қабылдау, аттестаттау процестерін автоматтандыру жоспарлануда, EduKyzmet бірыңғай ақпараттық жүйесінде мұғалімнің жеке кабинеті, портфолиосы ашық түрде жиналады. Бұл жүйе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін өте маңызды», - деді министр.



Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын ротациялау рәсімі биылдан бастап толығымен жүзеге асырылатын еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #пелагрг #біліктілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика