Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ұшу тиімді бола түсті: алматылық спортшыларға арна...

Ұшу тиімді бола түсті: алматылық спортшыларға арнайы шарттар ұсынылды

Әлем 04.03.2026, 14:28 223
Ұшу тиімді бола түсті: алматылық спортшыларға арнайы шарттар ұсынылды
Алматының Спорт басқармасы

Алматының Спорт басқармасы мен Turkish Airlines әуекомпаниясы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Келісім аясында халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысатын Алматы қаласының спортшылары мен құрама командалары үшін әуе тасымалына арнайы тарифтер енгізіледі.

Бастама Алматы қаласы әкімінің бюджеттік шығыстарды оңтайландыру және спортшылардың халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға жайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылды.

Бюджет үнемдеу және спортшыларға жайлы жағдай

Ынтымақтастық аясында мыналар қарастырылған:

* әуе билеттеріне арнайы жеңілдіктер;

* спорттық жабдықтарға қосымша тегін багаж;

* билеттерді қайтару және айырбастаудың икемді шарттары;

* қызмет көрсету мен ұшу қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын сақтау.

Арнайы тарифтер халықаралық жарысқа баратын спортшылардың жол шығынын оңтайландыруға, бюджет жүктемесін азайтуға және командалар үшін қолайлы ұшу жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауқымды халықаралық бағыттар картасы

Turkish Airlines – әлем бойынша 159 бағытты қамтитын кең маршруттық желісі бар әлемдегі ең ірі және танымал әуекомпаниялардың бірі. Әсіресе, бұл Әлем чемпионаттарында, Әлем кубогының кезеңдерінде, Еуропада, Азияда және басқа өңірлерде халықаралық турнирлер мен оқу-жаттығу жиындарында тұрақты қатысатын алматылық спортшылар үшін өте маңызды.

Мұндай бастамалар спортшыларды халықаралық жарыстарға жүйелі әрі сапалы даярлауға мүмкіндік беріп, Алматы қаласының еліміздің жетекші спорт орталықтарының бірі ретіндегі беделін одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тариф
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Бүгін 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Бүгін 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Бүгін 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Бүгін 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика