AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Үш терезеден» табиғатқа үңіліңіз

«Үш терезеден» табиғатқа үңіліңіз

Мәдениет 01.04.2024, 07:17 1,711
«Үш терезеден» табиғатқа үңіліңіз
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда өнердің төл өкілі Нұршидин Баратовтың «Үш терезе» атты жеке көрмесі ашылды.


Оған жыл мезгілдері пейзаждары, қала және ауыл мотивтері, натюрморт және теңіз көріністерін қамтитын тақырыптық топтарға топтастыруға болатын 100-ге жуық туындысы қойылған.




«Әр суретшінің шығармашылығында оған жақын тақырыптар, жанр және орындау техникасы бар. Нұршидин Баратов үшін бұл пленэрлік пейзаждық кескіндеме. Табиғаттың өзгермелі, тез өзгеретін тірі ортасы суретшіні баурап алады, одан алынған әсер оның шығармашылығының объектісіне айналады. Оның қала пейзаждарында біз әрқашан белгілі бір орынды тани алмаймыз, бірақ біз өзімізді сол жерде болғандай сезінеміз, қар басқан тозығы жеткен үйді, тыныш және шуақты аулаларды немесе қыркүйектің жылы күндерін жақсы білеміз, оның гүлденген ағаштарына тамсанамыз. Оның шығармаларына қарап отырып, көрермен еріксіз сағыныш сезімін, ерекше көңіл-күйді сезінеді. Әрбір этюд ерекше әлем іспетті, онда көрермен еске алуды, бір сәттің күйін де, шексіз қиял әлемін де аша алады», – дейді көрме кураторы Айжан Қалшора.



Нұршидин Баратов Алматының тумасы. Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін тәмамдаған, содан кейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына монументалды кескіндеме бөліміне түсіп, кейін Ыстамбұлда Мимар Синан атындағы бейнелеу өнері университетінде оқуын жалғастырды. Суретші түрлі елдерге көп саяхаттап, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Түркия, Испанияға бірлескен пленэрлерге барды. Ресейдің Ульяновск қаласында А.А.Пластовтың 130 жылдығына арналған мерейтойлық пленэрге қатысқан. Оның картинасы А.А.Пластов музейінің тұрақты көрмесінің коллекциясы үшін сатып алынды, биыл суретші Суздаль қаласының  мыңжылдығына пленэрге баруды жоспарлап отыр.



Суретші Украинада, Түркияда, Данияда, Венгрияда да жеке көрмелерін өткізген. ALMALINE шығармашылық тобының мүшесі. Алматы, Бішкек, Кипр, Стамбул, Будапешт қалаларындағы топтық көрмелердің қатысушысы. Суретшінің Алматыда жеке сурет галереясы мен «ARTEAST» багет шеберханасы бар.
Көрме 21 сәуірге дейін жалғасады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үш терезе #өнер #сурет #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер кино қарап ұйықтап кетудің зиянын айтты

Бүгін 09:40

Жолшыбеков пен Нұртаза Жанәбіловтердің ісі бойынша сотқа жеткізілмек

Бүгін 09:36

Алматыда Наурыз қарсаңында жеңілдіктер науқаны қызу жүріп жатыр

Бүгін 09:19

Сегіз қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін 09:12

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Кеше 20:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика