Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Үш баланы өлімнен арашалаған Павлодар тұрғынына пә...

Үш баланы өлімнен арашалаған Павлодар тұрғынына пәтер сыйға тартылды

Оқиға 18.07.2022, 13:20 1,194
Үш баланы өлімнен арашалаған Павлодар тұрғынына пәтер сыйға тартылды
сурет: Baq.kz

Нағыз қаһармандық әрекет


Ертіс өңірінің тұрғыны, суға батып кете жаздаған үш баланы құтқарған Андрей Карандашов марапатқа ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 33 жастағы Андрей Карандашов Ақтоғай ауданы Приреченск ауылының тумасы. Демалыс күні өзенге балық аулауға барғанда суға батып бара жатқан үш баланы көрген.



«Қармағыма балық түспеді. Үйге қайтайын деп жатқанда, үш балаға көзім шалды. Айқайлап едім, жауап болмады. Сол сәтте олардың ес-түссіз болғанын білдім. Олар жағадан 10 метрлік жерде қалқып жатты. Үшінші бала су түбіне түсіп кетіпті. Абырой болғанда, ұстап алып, шығардым. Екі ұл бала есін бірден жинады, үшінші балаға жасанды демалу мен жүрек массажын жасадым. Ағайынды балаларда кезек кезек жағаға шығардым», - дейді Андрей Карандашов. 



Бүгіннің батыры атанған Андрей облыс басшылығы мен төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан марапаттарға ие болды. Ең бастысы, үш балақайдың ата-анасының зор алғысын арқалады. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов ақтоғайлық азаматқа туған ауылынан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Сонымен қатар, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табыс етілді.



«Бұл шын мәнінде ерлік емес, біз үшін баға жетпес және сіз құтқарған балалар үшін аса маңызды нағыз қаһармандық әрекет. Мен өңірімізде сіз сияқты азаматтар болғаны үшін мақтанамын. Ата-анаңызға өзіңіздей еліміздің адал азаматын тәрбиелегені үшін көп рахмет. Сізге өңір тұрғындарының атынан алғыс айтамын», - деді аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов.



Андей Карандашовтың екі баласы бар. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Бұған дейін жалдамалы үйде тұрған. Енді өз пәтерінде тұратын болады. Айта кетейік, бұл – ақтоғайлық тұрғын жасаған алғашқы ерлік емес. Бұған дейін, бала кезінде сегіз жасар жеткіншекті де құтқарып қалған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #балалар #құтқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында 35 абаттандыру жобасы қолға алынып, жаңадан 38 аула ашылмақшы

Бүгін 12:26

Наурызбай ауданында әлеуметтік осал топтағыларға 5,5 мыңнан астам пәтер беріліп, 3 мың адамға АӘК көрсетілді

Бүгін 12:22

Алматының Наурызбай ауданында 1200 орындық жаңа мектеп пен тағы үш әлеуметтік нысан салынады

Бүгін 12:19

Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында алғашқы спорт нысанының құрылысы басталды

Бүгін 12:09

Алматының Наурызбай ауданында биыл 100 шақырымдай инженерлік желі салынады

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика