AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үш айда 2,8 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін...

Үш айда 2,8 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Әлеумет 26.03.2024, 09:38 819 Almaty-akshamy.kz. 
Үш айда 2,8 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Сурет: gov.kz

Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша, 2 мың 800 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 131,1 мың этникалық қазақ оралған.


Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (49,6%) Қытайдан, 31,9%-ы Өзбекстаннан, 6,8%-ы Түрікменстаннан, 6,5%-ы Моңғолиядан, 3,9%-ы Ресейден және 1,3%-ы басқа елдерден келген.


1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,7%, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,9% және зейнеткерлер 9,4% болды.


Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,9%-ы – жоғары білімді, 21,3%-ының орта кәсіптік білімі бар, 55,3%-ы – жалпы орта білімді және 6,5%-ының білімі жоқ.


Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңіріне қоныстанды.


Сонымен бірге қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы мына өңірлер анықталды:



  • Ақмола

  • Абай

  • Қостанай

  • Павлодар

  • Шығыс Қазақстан

  • Солтүстік Қазақстан облыстары.


Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 мың 433 адам болды. 2023 жылғы 1 науырыздағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 607 қандас қоныс аударды.


Жоғарыда аталған өңірлерге қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:



  • Бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде;

  • тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-тен 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.


Жыл басынан бері 144 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 143 адам тұрақты жұмысқа орналасты.


Сонымен қатар, ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.


Еске сала кетсек, 2023 жылы пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылып жатыр. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге келу, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінде этникалық қазақтардан жаңа форматта 6 мың 203 өтініш қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қандас #мәртебе #Қазақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);