AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ұрылар ұлылар жатқан Кеңсай зиратына да қол салды

Ұрылар ұлылар жатқан Кеңсай зиратына да қол салды

Заң мен тəртіп 07.11.2023, 04:16 1,039
Ұрылар ұлылар жатқан Кеңсай зиратына да қол салды
Сурет: Almaty.tv

Олар қаладағы темір қабылдайтын жердің бәрін ақтарып, елдімекендегі кәсіпкерлерді де тыныш қалдырмапты.



Ұрылар Кеңсай зиратындағы халық әртістерінің қабірін тонап кеткен. Марқұмның туыстары бұл бейіт бұрын да тоналып еді дейді. Мәмбетов пен Жұбанованың бейітін тонағандарды ұстауға Алматы полициясы бар күшін жұмылдырды. Қола құлыншақтың жоғалуына байланысты қозғалған қылмыстық іс ІІМ бақылауында, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Айта кетейік, бірнеше күн бұрын атақты режиссер Әзірбайжан Мәмбетов пен композитор Ғазиза Жұбанованың немерелері марқұмдардың қабіріндегі ескерткіштің жоғалғанын хабарлаған еді.  


100 гектарды алып жатқан Кеңсай зиратында бұған дейін де ұрлық болған. Бұл жолы қарақшылар халық әртістерінің қабірін тонап кетті. Қылмыс қашан жасалғаны әзірге белгісіз, бірақ жиіркенішті әрекет режиссер Әзірбайжан Мамбетов пен композитор Ғазиза Жұбанованың немерелері дабыл қаққанда ғана мәлім болды.


Марқұмдарға Құран бағыштауға келгенде, бейіттегі қоладан құйылған құлыншақ көрінбеген.


Тоналған қабірде ерлі-зайыпты Мәмбетов пен Жұбанова және олардың 3 жасында көз жұмған Ахан есімді ұлы жерленген. Марқұмның туыстары бұл бейіт бұрын да тоналып еді дейді. Ол кезде құлыншаққа тимеген, алайда марқұмдардың тас ескерткішін сыпырып кеткен. Бұл деректі зират күзетшілері де жасырмады.  



«Иә, ол кезде ұрыларды таппады. Өздері қалпына келтірді. Біз ол күні ештеңе байқамадық, кейін ұрлық болғанын білдік. Жан-жақтың бәрі ашық. Осы жерде ғана қоршау бар. Артқы жақтың бәрі үйлер. Кез келген адам кіре алады», – деді зират күзетшісі Жасұлан Ордахан.



Кеңсайды 10-нан астам адам күзетеді. Алайда бүгін көбі көрінбеді, оларды полиция сұрақ-жауап алуға шақырып алыпты. Қазір оқиғаға қатысты ауқымды тергеу жүріп жатқан көрінеді.



«Бірінші кезекте түрлі-түсті металды қабылдау орындары тексерілуде. Қаладағы осындай 144 нысан қаралды. Алматы облысы Талғар ауданындағы 15 жер тексерілген болатын», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 



Тарихта қалған кісілердің қабірін тонағандар ұсталса, оңай құтылмайын деп тұр. Олардың бұл әрекетіне қылмыстық іс қозғалып қойған. Құзырлы орган өкілдері мұндай ұрлық үшін кем дегенде 3 жылға бас бостандығынан айыратынын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұры #Зират #тонау #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика