AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / ҰҚК қайта құрылады

ҰҚК қайта құрылады

Саясат 26.05.2022, 06:18 2,044
ҰҚК қайта құрылады
Сурет: Turkystan.kz

Бұл туралы Президент Жарлығының толық мәтіні жарияланды.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығының мәтіні жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Құжат нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.


Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесіне мыналар кірді:


«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.


«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.


«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Алматы» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.


«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.


«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің Авиациялық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі.


Президенттің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бір бөлігі қызмет бабында пайдаланылатыны үшін құпия болады.


Құжаттың толық нұсқасы мына сілтемеден оқуға болады.


Еске салайық, 17 мамырда Президент «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» № 893 Жарлыққа қол қойды. Құжатта Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Президенттің 15 жарлығына түзетулер енгізіледі. ҰҚК жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылды және оңтайландырылды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰҚК #жарлық #құрам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті

Бүгін 01:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);