Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / ҰОС жылдарында жауынгерлік ұшақ тізгіндеген тұңғыш...

ҰОС жылдарында жауынгерлік ұшақ тізгіндеген тұңғыш әрі жалғыз қазақ қызы

Өмір-өзен 05.05.2025, 17:42 612
ҰОС жылдарында жауынгерлік ұшақ тізгіндеген тұңғыш әрі жалғыз қазақ қызы
Сурет: Gov.kz

Ол Орал қаласындағы аэроклубты аяқтағаннан кейін өз еркімен майданға аттанып, түнгі бомбалаушы ұшақты басқару ісін меңгеріп, 588-ші түнгі бомбалаушы авиациялық полкке штурман-атқыш болып қабылданды. Бұл полктің құрамында тек қыз-келіншектерден құралған ұшқыштар тобы қызмет еткен.

Жаудың үрейін ұшырған бұл жауынгер әйелдерге немістер «Түнгі мыстандар» деген атау берген. Қыздар ұрыс кезінде нысанаға белгілі бір қашықтықта жақындап, ұшақ қозғалтқышын өшіріп, түн тыныштығын тіліп өтетін сызылта шыққан үнмен жауға бомба тастайтын. Аспанда ұшып келе жатқан мыстандай әсер қалдыратын дыбыс қана естілетін. Ал оларды көру, аңғару мүлде мүмкін болмаған.

Жауынгер қыздар бір түнде 5-10 рет ұшып шығып, жау шебіне соққы беретін. Олар ұзақ уақыт бойы парашютсіз ұшқан. Себебі, парашюттің орнына бомба көбірек тиеп, майдандағы нәтижелі әрекетті күшейтуді мақсат тұтқан. Тек 1944 жылы ғана олар арнайы бұйрықпен парашютпен ұшуға міндеттелді.

Хиуаз Доспанова жауынгерлік тапсырмаларды Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Украина мен Беларусь жерінде орындады. Екі рет ауыр жарақат алса да, сапқа қайта оралып, соғысты Берлин түбінде жеңіспен қарсы алды. Соғысты ІІ топ мүгедегі ретінде аяқтады.

Хиуаз Мәншүк пен Әлияның рухын жалғап, 300-ден астам жауынгерлік ұшуға қатысып, жауға ойсырата соққы берген. Соғыс жылдарында бірнеше наградамен марапатталған. Тәуелсіз Қазақстан оның ерлігін жоғары бағалап, 2004 жылы елдің ең жоғары марапаты — «Халық Қаһарманы» атағын берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хиуаз Доспанова #жауынгерлік ұшақ #тұңғыш қазақ қызы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Кеше 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Кеше 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Кеше 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Кеше 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Кеше 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика