AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Универсиада: Қазақстан құрамасы медальдар кестесін...

Универсиада: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынға сырғыды

Спорт 16.01.2023, 02:45 1,277
Универсиада: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынға сырғыды
Сурет: Ашық дереккөз

Әзірге жүлдеге іліккен 15 құрама бар


2023 жылғы Қысқы Универсиадада төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынға жайғасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада 14 қаңтарда қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиған еді.


15 қаңтарда қазақстандық спортшылар жүлдеге іліге алған жоқ.


Әзірге бір алтын жүлдемен Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынды Эстониямен бөлісіп тұр.


Қазіргі таңда жүлдеге іліккен 15 құрама бар.


Көш басында Жапония 7 (4-2-1) медальмен келе жатса, одан кейінгі орындардағы Францияның 7 (2-1-4), Чехия мен Финляндияның 3 (1-1-1) медалі бар.


2023 жылғы Қысқы Универсиаданың төртінші ойын күнінен кейінгі медальдар кестесі:


1. Жапония 4-2-1


2. Франция 2-1-4


3. Чехия 1-1-1


3. Финляндия 1-1-1


5. Германия 1-0-2


6. Канада 1-0-1


6. Оңтүстік Корея 1-0-1


6. Швейцария 1-0-1


9. Қазақстан 1-0-0


9. Эстония 1-0-0


11. АҚШ 0-3-0


12. Норвегия 0-2-1


13. Польша 0-2-0


14. Испания 0-1-2


15. Италия 0-1-0


Еске салсақ, дүбірлі додада еліміздің атынан 78 спортшы бақ сынайды.


Қысқы Универсиада 22 қаңтар күні мәресіне жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Универсиада #медаль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:30

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Бүгін 19:01

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);