AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұңғымадан рұқсатсыз су алған кәсіпорынға ірі көлем...

Ұңғымадан рұқсатсыз су алған кәсіпорынға ірі көлемде айыппұл салынды

Әлеумет 06.10.2025, 12:03 402 dulatbekova
Ұңғымадан рұқсатсыз су алған кәсіпорынға ірі көлемде айыппұл салынды
Сурет: Gov.kz

Судың «қара нарығына» қарсы іс-шаралар аясында Тобыл-Торғай бассейн инспекциясының мамандары арнайы су пайдалану рұқсаттарына талдау жасады.

Нәтижесінде жаңа Су кодексінің 53-бабында көрсетілген қадағалау өкілеттігіне сәйкес жүргізілген тексеріс барысында Қостанай облысы Рудный қаласындағы бір кәсіпорынның ұңғымадан арнайы рұқсатсыз су алып келгені анықталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап.

Кәсіпорынға заң бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 141-бабының 2-бөлімі, яғни «Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу» бабы бойынша 1 671 100 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл - Тобыл–Торғай бассейн инспекциясы жыл басынан бері салған ең ірі айыппұл.

2025 жылы инспекция Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 141-бабын бұзған бес дерек тіркеді. Осы бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 2 339 540 теңге айыппұл салынды. Барлық заңбұзушыға арнайы су пайдалану рұқсатын алу жөнінде нұсқама беріліп, тиісті ұсыныстар жасалды.

«Жаңа Су кодексіне енгізілген қадағалау өкілеттіктері бассейн инспекцияларына азаматтардың өтініштеріне, су заңнамасын бұзу туралы мәліметтерге және мониторинг нәтижелеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Инспекторлар оқиға орнына дереу барып, заңбұзушылық расталған жағдайда әкімшілік айыппұл сала алады. Бұл заңсыз су алуға және судың «қара нарығына» қарсы тиімді күрес жүргізуге жол ашады», – деді Тобыл-Торғай бассейн инспекциясының басшысы Алмат Абжанов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #қара нарық #рұқсатсыз су алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы базарларында ұлттық ойындар бойынша жастар фестивалі өтіп жатыр

Бүгін 17:14

Ұлттық құндылық: жоғалып бара жатқан мұра ма, әлде жаңаша жаңғыру ма?

Бүгін 17:12

Қазақстанның 180-нен астам оқушысы математикадан бақ сынады: Алматыда үздік жас зияткерлер марапатталды

Бүгін 16:56

Алматыда «AMANAT» партиясының ауқымды жобасы бастау алды

Бүгін 16:17

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Бүгін 15:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика