AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңге...

Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Әлеумет 12.12.2024, 09:44 1,081 Bakyt
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржыландырылатын ел өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жүзеге асырылуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Үкімет Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Мыңадыр стансасында 80 орындық мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

Жұмыс істеп тұрған мектеп осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі болып саналады. Ғимарат 1981 жылы салынды, 2000 жылдары қосымша кеңейтілді. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр. Мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ.

Құрылысты бастау 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Жобаны іске асыру оқушы орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді және заманауи білім беру талаптарына сәйкес балаларды оқыту үшін қажетті қолайлы жағдай жасайды.

Бұған дейін Үкімет бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдаған болатын. Олардың қатарында Зеренді ауылында (Ақмола облысы) спорт кешені, Темірлан ауылында (Түркістан облысы) музыка мектебі, Арқалықта дарынды спортшы балаларға арналған спорт орталығы, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығы, Ақтөбеде ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Жамансор ауылында (Атырау облысы) мектеп, Риддердегі көпсалалы аурухана құрылысын аяқтау, сондай-ақ Шымкентте «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешеніндегі жатақхана құрылысы секілді жобалар бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлытау #мектеп #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика