AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Ұлыбританияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы...

Ұлыбританияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы ұлықталды

Тәуелсіздік-30 30.11.2021, 04:41 1,266
Ұлыбританияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы ұлықталды
Сурет: 24.kz

Англия елі егемендігіміз туралы игі ойлар білдіруде


Ұлыбритания Парламентінің қауымдар палатасының депутаттары іргесі бекіп, нығайған, экономикалық әлеуеті арта түскен қазақ елінің жетістіктеріне тілеулестік білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап


Осы жиын-тойда тәуелсіздік туралы кітап та көпшілікке таныстырылды. 1991 жылы Ұлы дала елі туралы Ұлыбританияда көп адам біле бермейтін.


Ел егемендігін алғаннан кейін тура бір ай өткен соң екі ел арасында дипломатиялық әріптестік орнатылды.


Бүгінде Біріккен Корольдік - Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі. 30 жыл ішінде көптеген сала бойынша екіжақты қарым-қатынастар орнатылып, өзара ынтымақтастық жаңа сапаға көтерілді.



«Қазақстанның 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері таң қалдырады. Аяғына енді тұра бастаған жылдары Ұлыбританияның өзінде мұндай ілгерілеушіліктер болды деп ойламаймын. Демократияcы мінсіз мемлекетке айналуымыз үшін 800 жыл қажет болды. 1991 жылы кеңес үкіметі ыдырап, Қазақстан егемендігін алғаннан бері күрмеуі қиын мәселелерді шешіп келеді. Кембридж университеті Білім беру инновациялары департаментінің директоры профессор Коллин Маклафлин 30 жыл көлемінде еліміздің білім жүйесінің дамуына үлес қосып келе жатқан британиялықтардың бірі. Әлемдік педагогикада мойындалған ғалым Назарбаев зияткерлік мектебі сияқты бірегей жобаға өзінің қатысы бар екенін мақтан тұтады» , - деді Ұлыбритания Парламенті қауымдар палатасының депутаты Боб Стюарт.



Сондай-ақ, Кембридж университетінің профессоры Коллин Маклафлин, егемендігіміз жайында пікірін жеткізді.



«Назарбаев зияткерлік мектебі өзгеріп, дамып отырды. Мен оны инновациялық-эксперименталды оқу орны деп те атаймын. Білім беру бағдарламасы жетілдіріліп, оны ел ішіндегі бүкіл мектепке енгізуге тырысты. Бірегей жұмыс нәтиже беріп, оның пайдасын бүкіл халық көріп отыр деп ойлаймын.  Іс-шара барысында «Қазақстанның 30 жылы: оянған Ұлы дала» атты кітап көпшілік назарына ұсынылды. Ол Тәуелсіз Қазақстанның түрлі кезеңдеріне арналған эсселер жиынтығынан тұрады. Елдің тарихы, саяси, экономикалық және білім саласындағы реформалары, инвестиция, сыртқы саясаттағы жетістіктері, мәдениет, туризм – бәрі қамтылған. Жобаға беделді британиялық, халықаралық және қазақстандық сарапшылар тартылды. Кітап 2 мың данамен басып шығарылды. Сондай-ақ оның онлайн нұсқасы қолжетімді» , - деді 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлыбритания #парламент #палата #тілеулестік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина чемпиондық кестеде қай орында тұр?

Бүгін 10:38

Еңбек министрлігі комада жатқан науқастар үшін мүгедектікті рәсімдеу тәртібін жеңілдетті

Бүгін 10:15

Мегаполистерде баспана бағасы жылдам өсіп жатыр

Бүгін 09:52

Бес қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін 09:41

Алматы полицейлері шетел азаматын есірткі контрабандасымен ұстады

Бүгін 09:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);