Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Ұлыбританияда коронавирустың мутацияланған жаңа тү...

Ұлыбританияда коронавирустың мутацияланған жаңа түрі анықталды

Жақыныңа жанашыр бол! 04.04.2022, 03:26 1,758
Ұлыбританияда коронавирустың мутацияланған жаңа түрі анықталды
Cурет: 24.kz

«Омикрон» штамының жаңа мутацияланған түрі – ХЕ анықталды


Ұлыбританияда коронавирустың жаңа мутацияланған түрі анықталды. Шанхайдың 26 млн тұрғыны коронавирус антиденелеріне анализ тапсыруға міндеттелді. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұлыбританияда коронавирустың «омикрон» штамының жаңа мутацияланған түрі – ХЕ анықталды. Сарапшылардың пікірінше, ХЕ алдыңғы нұсқаларға қарағанда қаншалықты жұқпалы екендігі туралы қорытынды жасау әзірге ертерек. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау агенттігі жаңа нұсқаны зерделеуде. Әзірге сарапшылар бұл мутацияны жұқтыру қарқыны «стелс-омикрон» немесе «омикрон» BA.2 түрінің таралуынан айтарлықтай ерекшеленбейтінін атап өтті. Алайда, соңғы зерттеулер бойынша, XE-дің жұғу жылдамдығы «стелс-омикронға» қарағанда 9,8% жоғары.


3 сәуірде Шанхай билігі шамамен 26 миллион халқы бар қаланың барлық тұрғынын антиденелердің бар-жоғын тексеруге және анықталған оң нәтижелер туралы жедел хабарлауға міндеттеді. Дүйсенбіде азаматтар вирустың бар-жоқтығын анықтау үшін ПТР тестіні тапсыруы керек.


Журналистердің айтуынша, қалада коронавирус инфекциясының көптеген жағдайлары симптомсыз болып табылады. Жалпы, континенталды Қытайда соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырудың клиникалық белгілері бар 1506 және симптомсыз 11 781 дерегі анықталды. Барлығы да - вирустың ел ішінде тараған жағдайлары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #Омикрон #жаңа штамм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі