AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Ұлттық Ұланның сарбаздары алғашқылардың бірі болып...

Ұлттық Ұланның сарбаздары алғашқылардың бірі болып дауыс берді

АЭС: Референдум 06.10.2024, 08:39 1,453 yakiya
Ұлттық Ұланның сарбаздары алғашқылардың бірі болып дауыс берді
almaty-akshamy.kz

Ел тағдырына қатысты маңызды оқиғадан Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де қалыс қалмай, өз дауыстарын беруде.

Таңғы сағат 07.00-де Алматыдағы 5571 әскери бөліміндегі №107 дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов келіп, дауыс берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Екінші «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әміреевте өз таңдауын жасады.

"Құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері барлық уақытта жоғары азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух танытады. Ұлттық ұлан еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығына жауап беретін әскери құрылым. Бүгінгі сайлауға әрбір әскери қызметші белсенді қатысып, өз таңдауларын жасайтынына сенімдімін", - дейді генерал-майор Бауыржан Әбжанов.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ниязтай Әлкешевтің айтуынша, әскери бөлімдерде ашылған сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің белсенділігі өте жоғары. Әскери қызметшілердің жеке құрамы ғана емес, олардың отбасы мүшелері де саяси науқанға түгел қатысуда.
Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлікке қарасты әскери бөлімдердің Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген жауынгерлері әскери қалашықтар аумағында орналасқан 10 сайлау учаскесінде дауыс беруде.

Айта кетейік, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде сайлау құқығы бар он мыңға жуық азамат қызмет етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #Ұлан #дауыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);