AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Ұлттық ұланның полиглот сарбазы жеті тілде еркін с...

Ұлттық ұланның полиглот сарбазы жеті тілде еркін сөйлейді

Барлығы 15.01.2026, 18:47 388
Ұлттық ұланның полиглот сарбазы жеті тілде еркін сөйлейді
сурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Тараз қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Бахтиярхан Тұрсынходжаев жеті тілді меңгерген. Қала ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында ол азаматтармен қазақ, өзбек, әзірбайжан, орыс, түрік, ағылшын және француз тілдерінде еркін тіл табысады.

Бахтиярхан француз тілін әкесімен бірге Францияда болған кезінде меңгерген. Ол жерде архитектура бағыты бойынша білім алған. Шетелде қалыптастырған тілдік дағдылары оған қызмет барысында азаматтармен тиімді байланыс орнатуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін сапалы орындауға көмектесіп жүр.

Отбасының үлкені - Бахтиярхан 22 жаста. Ол артынан ерген інілері мен қарындасына үлгі болып келеді. Жауапкершілік, тәртіп пен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс - оның өмірлік ұстанымы. Айта кетерлігі, қарындасы да шет тілдеріне қызығып, бес тілді меңгерген. Бұл отбасыда әкенің «Тіл білген адам өмірде өз жолын табады» деген тәлімі нақты нәтижесін беріп отыр.
Қатардағы Тұрсынходжаевтың айтуынша, бір тілді меңгеру үшін оған орта есеппен екі-үш ай уақыт қажет. Мерзімді әскери қызметін өтеп жүрсе де, ол оқуын тоқтатпайды. Әскери бөлімнің командирлері де сарбаздың ізденісін қолдап, қажетті шетелдік әдебиеттерді табуға көмектеседі.

Бахтиярханның жетістіктері тек тіл білімімен шектелмейді. Ол ушу-саньда спортынан спорт шебері, Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері. Спорт пен тіл үйрену - оның өмір салтының ажырамас бөлігі.

Бос уақытында Бахтиярхан қарулас достарына шағын тіл үйрену сабақтарын өткізіп, өз білімімен бөліседі. Бұл ол үшін басқа тілде ауызекі сөйлеу деңгейін жетілдіруге мүмкіндік болса, енді бірі үшін жаңа тілді меңгеруге жасалған алғашқы қадам.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #баспасөз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Кеше 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Кеше 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика