AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық ұланның кезекті сынағы басталды

Ұлттық ұланның кезекті сынағы басталды

Әлеумет 14.05.2024, 16:18 858 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Ұлттық ұланның кезекті сынағы басталды
almaty-akshamy.kz

Бұл сынақ жылына екі рет қысқы және жазғы оқу кезеңін қорытындылау кезінде қайталанып отырады. Әскерилер жыл бойына түрлі оқу-жаттығуларға қатысады, полигондарда далалық шығу кезінде әскери машықтарын шыңдап, денешынықтырумен үзбей айналысады. Сонымен қатар командалық-штабтық жаттығулар, әскери ойындар өткізіліп, әр әскери қызметші жеке әдістемелік тапсырмалар орындайды.

Негізгі мақсаты - жеке құрамның машығын, взводтардың, роталардың, құрамалар мен бөлімдер батальондары басқармаларының шынайы деңгейін, бөлімшелердің қысқа мерзімде қойған жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзірліктерін тексеру. Сондай-ақ оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау, жауынгерлік даярлық жоспарлары мен бағдарламаларын орындау барысында бөлімшелер мен олардың басқару органдарының жауынгерлік даярлығы мен үйлесімділігінің деңгейін бағалау.

Кез келген оқу орнындағы сияқты, оқу кезеңінің соңында сынақ қабылданады. Әскери қызметшілер үшін бұл емтихан – қорытынды тексеру. Кім қандай жетістікке қол жеткізді, кім нені үйренді – осының бәрі сынақ кезінде анықталады.

Шырт ұйқыда жатқан жеке құрам таң қылау бере дабылмен тұрғызылып, жауынгерлік әзірлік бойынша оқу-жаттығуға кірісіп кетті. Бұдан басқа әскерилердің алдында саптық дайындық, ату дайындығы, дене дайындығы, жалпы әскери Жарғылар, мемлекеттік-құқықтық дайындық және басқа пәндерден сынақтар күтіп тұр. Әрбір сарбаз, сержант, офицер бұл сынақтың салмағын сезініп, үлкен жауапкершілікпен қарауда. Офицерлер құрамының кәсіби дайындығына да айрықша назар аударылмақ.

Сынақ нәтижесі бойынша әр әскери қызметшіге жеке-жеке баға қойылып, содан әскери бөлімдерге жалпы баға шығарылады.

“Жалпы, әскерилердің дайындығы жаман емес. Олар былтырғы күзде аттестациядан өтіп, кәсіби біліктіліктері мен дайындықтарын дәлелдеп шыққан болатын. Бұдан кейін қайтадан жаңа оқу кезеңі басталады. Әскерилердің оқуы үзіліссіз жалғаса береді. Бұл оқуда каникул деген ұғым жоқ. Үнемі жауынгерлік әзірлікте болудың талабы – осы. Жауынгерлік дайындықтың сапасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жауынгерлік әзірлік жоғары болмақ. Біз, Ұлттық ұлан аға буынының үздік дәстүрлері негізінде тәрбиеленген «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы қорытынды тексеруді абыроймен тапсырып, сенімді ақтап шығарына сенімдіміз”, -  дейді подполковник Бақыт ӘЛІПБАЕВ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #сарбаз #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);