AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының бағыттары мен іс...

«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының бағыттары мен іске асыру тетіктері түсіндірілді

Мәдениет 07.11.2021, 07:26 1,486 Almaty-akshamy
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының бағыттары мен іске асыру тетіктері түсіндірілді
Cурет: tilshi.kz

Ұлттық жоба 2021-2025 жылдарға арналған


Елордада Қазақстан қоғамының мәдениетін, ағарту және ұлттық рух деңгейін арттыруға бағытталған «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының бағыттары және іске асыру тетіктерін түсіндіру жөніндегі онлайн семинар-конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Ішкі саясат басқармалары және «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері басшылары қатысты. 2021-2025 жылдарды қамтитын Ұлттық жоба: Рухани жаңғыру құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту; «Ел рухы» - мәдени шаралар кешені; «Тәуелсіздік ұрпақтары» - жастар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылады. 


«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының басты мақсаты ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен алуан түрлілігін арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.


Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту, мемлекеттік тілді дамыту үшін жағдай жасау, мәдениет саласында қолжетімділік пен сапаны арттыру, отандық мәдени өнімді насихаттау, жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру, жастарды қоғамдық-пайдалы қызметке тарту жобаның негізгі мәндеттерін құрайды.


Конференция барысында бағыттар бойынша баяндамалар жасалып, жоба аясында туындағын сұрақтар бойынша пікірлер айтылды. 
Алдағы уақытта жалпы Ұлттық жобаның ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша әдістемелік құрал дайындалып, өңірлерге таратылмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рухани жаңғыру #жоба #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);