ffin.kz

Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында қандай мәселелер қаралады

Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында қандай мәселелер қаралады Сурет: ашық дереккөз

 Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында ұлттық идеология және жастарды тәрбиелеу мәселелерін қарау жоспарланған. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 







«Үкімет отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру, қазақстандық бірегейлікті дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Біріншіден, Қазақстан Республикасы мәдени саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдамада отбасылық, дәстүрлі, ұлттық және қоғамдық құндылықтардың өзара іс-қимылына негізделген өскелең ұрпақты мәдени адамгершілікке тәрбиелеудің жаңа тетіктерін енгізу мәселелері қарастырылған. Ол дәстүрлі құндылықтарды қолдау, қоғамдық сананы жаңғыртуға, ұлттың мәдени кодын рухани жаңғыртуға және нығайтуға ықпал ететін адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және тілді дамыту, мәдени-тарихи құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау арқылы жүзеге асатын болады. Осыған қоса, өскелең ұрпақты рухани дамыту және патриоттық сезімі мен дәстүрлі құндылықтарға деген құрметін тәрбиелеу міндеттеріне қол жеткізу үшін балалардың елдегі театрлар мен музейлерге ай сайын баруын көздейтін «Театрдағы күн» және «Музейдегі күн» жобалары жүзеге асырылатын болады», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.



Оның атап өтуінше, екіншіден, 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы бекітілді. Онда жастар арасындағы заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбиеге бағытталған арнайы бөлім бар. Атап айтқанда, ұлттық құндылықтарды жастар арасында насихаттау, азаматтық белсенділікті, патриоттық тәрбиені, салауатты өмір салтын, мәдениет және білім беруді дамытуға басты назар аударылған. Үшіншіден, мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуына ықпал ететін, халықтың мүдделеріне сай келетін идеялық-құндылық бағдарларын айқындайтын Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы бекітілді.



«Доктринада қабылданып жатқан іс-шаралар отандық ақпараттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ ақпараттық өрістің идеологиялық бағыттарында ұлттық құндылықтардың үстемдігін қамтамасыз етеді. Осыған қоса, қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдайтын Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Ұлттық құрылтай қызмет атқарады. Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында ұлттық идеология және жастарды тәрбиелеу мәселелерін қарау жоспарланған. Жалпы бүгінгі таңда қолданыстағы тұжырымдамалар мен бағдарламаларда қазақстандық бірегейлікті, ұлттық идеологиялық құндылықтарды дәріптейтін бағыттар қарастырылған», - деді Әлихан Смайылов.






Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:54

09:12

08:52

08:35

08:20

08:10

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43