Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның өкілеттігін кеңейтетін Президент жарлығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Атап айтқанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге келесі құқықтар қосылды:
ақпараттық жүйелерді және электрондық ақпараттық ресурстарды, арнайы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпараттың техникалық арналар арқылы таралып кетуінен қорғау құралдарын, оларды бағдарламалық қамтылымын, қару-жарақ пен жарақтарды әзірлеу, сатып алу, құру (криптографиялық қорғау құралдарын қоспағанда), іске қосу және пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмыстарын ұйымдастыру. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және меншік нысанына қарамастан ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасау;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құру, алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау;
мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, дамытуды, қолдап отыруды, интеграциялауды, пайдалануды тоқтатуды, қорғауды жүргізу;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді, растауды және жоюды жүзеге асыру;
ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің арнаулы тексеру жүргіз
Сонымен қатар ведомствоға жаңа міндеттер жүктеледі:
мемлекеттiк қызметке алғаш рет немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейiн оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргізуге жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
мемлекеттік құпияларды және олардың көздерін шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру қағидаларын әзірлеу;
мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әзірлеу және бекіту;
әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін шығарып жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту
ұлттық қауіпсіздік органдарында кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы барлау саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті прокурорлардың тізбесін келісу;
Соынмен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуды - Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу деп өзгертуді жоспарлап отыр. («Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Конституциялық заңының күші жоюына байланысты)
Жоғарыда аталған ҚР Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 23 желтоқсандағы заңмен Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реттейтін заңдарға артық регламенттейтін нормаларды алып тастауды қарастыратын бірқатар сәйкес өзгертулер енгізілді.
Осыған байланысты, Жарлық жобасымен ҰҚО бірқатар жекелеген құқықтары, міндеттері, өкiлеттiктерi және функциялары Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының деңгейіне көшіріледі.
Одан басқа Жарлық жобасымен ҰҚО кейбір қайталанатын функцияларын алып тастау қарастырылған.
Жарлық жобасы республикалық бюджеттен қосымша қаражаттың бөлінуін талап етпейді.
Жарлық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік және экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.
Құжат 9 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін НҚА сайтында орналастырылған.