ffin.kz

Ұлттық парктерге келушілер көбеюде

Ұлттық парктерге келушілер көбеюде Сурет: ашық дереккөз

Былтыр ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ереже бұзған 655 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 







«Былтыр ерекше қорғалатын табиғи аумақта бақылау-инспекциялық қызмет шеңберінде 2 992 рейд жүргізіліп 44 құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 655 адамға 640 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп мәлім етті Данияр Тұрғамбаев.



Сонымен қатар, оның айтуынша, өткен жылы ұлттық парктерге келушілер саны 2 млн асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 25%-ға көп.



«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы жинаудың ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында ұлттық парктердің бақылау-өткізу пункттерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде «Көлсай» бақылау-өткізу пункті автоматтандырылды, сондай-ақ төлемдерді қабылдаудың интеграцияланған жүйесімен жаңа сайт әзірленді. Аталған жұмыстың қорытындысы бойынша осы тәсілді барлық ұлттық парктерге енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Биыл Іле-Алатауы, Шарын және Баянауыл ұлттық парктерінде бақылау-өткізу пункттерін автоматтандыру жоспарлануда», - деп бөлісті комитет төрағасының орынбасары.






Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53