Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқа...

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы тағайындалды

Әлеумет 28.07.2023, 11:14 791
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы  тағайындалды
gov.kz


Құрманбек Жұмағали ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz





Құрманбек Жұмағали «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ұжымға жаңа басшыны таныстырды. Есетжан Қосубаев атқарған қызметінен босатылды.




Құрманбек Жұмағалидің масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар. Еңбек жолын «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған, «Хабар» агенттігінің жетекші редакторы, тілшісі. 2013-2018 жылдары Құрманбек Жұмағали Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы және Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болған. 2018-2019 жылдары «Қазақ радиолары» ЖШС басқарды,««Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. Осы уақытқа дейін «31» медиахолдингінің бас директоры болып еңбек еткен.




Ұлттық киноны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталық 2019 жылы кинематографияны дамытуға мемлекеттік қаражатты бөлу және басқа елдердің үлгісі бойынша жеке кинокомпанияларды қолдау үшін құрылған. Киноорталықта 2019-2022 жылдар аралығында  «Дос-Мұқасан» лентасын қоса алғанда, 14 фильм прокатқа шығарылып, олар жалпы прокаттан 503,2 млн теңге жинады.  «Паралимпиадашы»,  «Схема», «Ағайындылар» және  «Мерген» сияқты картиналар халықаралық кинофестивальдердің жүлделеріне ие болды.




Өткен жылы Ұлттық фильмдер шығаруға бөлінетін қаражатты бөлудің жаңа тәсілі белгіленді: 70% тарихи, патриоттық және имидждік; 30% — жеке киножобаларды, оның ішінде дебюттік жобаларды бірлесіп қаржыландыру. Сонымен қатар, мемлекеттік қаржылық қолдау алу үшін кинематографиялық қызмет субъектілері мен талаптарының ауқымы кеңейтілді.




Сондай-ақ, шет тіліндегі фильмдерді қазақ тіліне дубляждау МКҚО арқылы жүзеге асырылады. 2022 жылы  «Аватар» фильмінің бірінші бөлімі (2009 жылғы ре-релиз),  «Қара Қабылан. Ваканда жасасын. Су жолы» және  «Аватар» фильмдері қазақ тіліне аударылған кинотаспалар арасында кассалық жиын бойынша рекорд орнатты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мәдениет #ұлттықкино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады

Бүгін 17:46

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Бүгін 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі