AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық кеңесті Ұлттық құрылтайға айналдыру не берд...

Ұлттық кеңесті Ұлттық құрылтайға айналдыру не берді?

Әлеумет 14.03.2025, 15:06 620 dulatbekova
Ұлттық кеңесті Ұлттық құрылтайға айналдыру не берді?
Сурет: Akorda.kz

Саясаттанушы Андрей Чеботарев Ұлттық құрылтай IV отырысының алдында БАҚ өкілдеріне Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін Ұлттық құрылтайға айналдыру қоғамға не бергенін айтты.

Бұл туралы aqshamnews.kz Kaz.inform.kz-ке сілтеме жасай отытып хабарлайды.


— Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болған кезде бір ғана жұмыс форматы болды. Онда біз партиялық жүйе, сайлау жүйесі, жергілікті басқару сияқты нақты реформалар бойынша нақты ұсыныстар жазған едік. Заң жобаларын әзірлеуге қатыстық. Бұл шынымен құқықтық бағыттағы жұмыс болды. Мемлекет басшысы 2022 жылы Ұлттық кеңес өз миссиясын орындағанын айтып, Ұлттық құрылтай дейтін жаңа формат енгізілетінін айтты. Енді соның жұмысы мүлдем басқа форматта екенін көріп отырмыз, — дейді ол.

Саясаттанушы Ұлттық кеңестің құрамы Ұлттық құрылтай құрамынан екі есе аз болғанын айтады.

— Бұл форматтың жақсы тұсы — аймақтардағы қоғамдық кеңестердің өкілдері құрылтайға тартылған. Аймақтардағы проблемалар мен ұтымды бастамаларды солар арқылы біліп отыруға мүмкіндік бар. Ең бастысы, бұл вертикалды диалог емес. Президент, құрылтай мүшелері, билік пен қоғам болып бір алаңда бетпе-бет отырып тілдесеміз, — дейді саясаттанушы.

Сондай-ақ, ол кеңейтілген форматтағы диалогқа саяси партиялар белсенді қатысып жатқанын атап өтті.

— Ұлттық құрылтай мүшесі қоғамдық келісімнің бұл форматы азаматтарды билікке жақын немесе оппозиция өкілі деп бөлмейтінін айтады. Мұнда тек билік құрылымдарының өкілдері ғана емес, қазақстандық оппозицияның сыралғы өкілі, «Дат» газетінің баспагері Ермұрат Бәпи де бар. Қазір ол Мәжілісте өз пікірін ашық айтып жүр. Өздерін оппозициялық партиямыз деп есептейтін ЖСДП-ның өкілдері де бар. Яғни, партиялардың бәрі Ұлттық құрылтайдан тыс қалмаған, — дейді Андрей Чеботарев.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық құрылтай #Саясаттанушы #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);