AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық даму жоспары өзектілігін жоғалтты

Ұлттық даму жоспары өзектілігін жоғалтты

Әлеумет 19.04.2023, 13:05 838
Ұлттық даму жоспары өзектілігін жоғалтты
www.contactcenterworld.com

Жаңа Ұлттық даму жоспарын әзірлеу қажет. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазір мемлекеттік жоспарлау жүйесінде 163 құжат бар. Оның әрқайсысы орташа алғанда 40 іс-шараны қамтиды. 2010 жылдан бері созылып келе жатқан тапсырмалар бар. Тапсырмалардың өзектілігін қайтадан мұқият қарау қажет. Қағазбастылық керек емес. Мен соңғы кездегі жаһандық үрдістерді ескеріп, 2050-Стратегиясын жаңартуды тапсырдым. Бұл ұзақ мерзімге арналған құжат болуы тиіс. Онда әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму жолындағы негізгі басымдықтар айқындалуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Президент 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары өзектілігін жоғалтты деп ойлайтындығын баса айтты.



«Сол себепті жаңа құжат әзірлеу қажет. Онда еліміздің орта мерзімге арналған мақсат-міндеттері нақты белгіленуге тиіс. Бұл құжат мемлекетімізді дамытуға қатысты барлық мәселені қамтуы қажет. Сайлау алдындағы бағдарламам да ескерілуі керек. Оған Мәжіліс сайлауында жеңіске жеткен «Аманат» партиясы бағдарламасының негізгі тұстарын қосқан жөн. Басқа партиялардың орынды ұсыныстарына да баса мән берген абзал», – деді Мемлекет басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттықдаму #жоспар #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кімнің өмірі маңызды?

Бүгін 10:15

Алматыдағы корей театры көрерменіне жаңа қойылым ұсынды

Бүгін 09:55

Банктер бірыңғай QR-код жүйесіне қашан қосылады?

Бүгін 09:06

Елімізге тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды

Бүгін 08:55

27 сәуірге арналған ауа райы мәліметі

Бүгін 08:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика