Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Ұлттық Банк зерттеу жұмыстарына грант беру үшін ба...

Ұлттық Банк зерттеу жұмыстарына грант беру үшін байқау жариялады

Қаржы 22.10.2022, 06:43 1,291
Ұлттық Банк зерттеу жұмыстарына грант беру үшін байқау жариялады
Сурет: Inform.kz

Бүгін өтінімді қабылдау басталды.


Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу жұмыстарына гранттар ұсыну үшін ізденушілер арасында конкурстық іріктеу жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 


Зерттеу гранттарынан үмітті ізденушілерді конкурстық іріктеу екі тақырып бойынша өтеді:


Туынды қаржы құралдарының нарығы: кедергілер мен дамыту бойынша шаралар;


Кепілді кредиторлардың құқықтары: Қазақстан практикасы мен халықаралық тәжірибе.


 Конкурстық іріктеуге заңды тұлғалардан:


- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы мәлімет жинау, сақтау және (немесе) өңдеу ісіне байланысты мақсаттарға, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын ізденушілер;


- таратылу алдында тұрған немесе банкроттық процесте жоқ заңды тұлғалар (бұдан әрі – ізденушілер) қатыса алады.


Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыптарының тізімі, қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеудегі талаптар, Ұлттық Банк бөлімшелерінің жауапты адамдарының байланыс деректері берілген.


Ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған өтінімдер электрондық үлгіде Ұлттық Банк Порталы арқылы беріледі.


Өтінім қабылдана бастайтын күн – 2022 жылғы 22 қазан.


Өтінім ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 5 желтоқсан.


Грант беру туралы шешімді Грант ұсынушы комиссия қабылдайды, оның құрамына Ұлттық Банк пен басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Іріктеу жұмыстарының объективтілігін қамтамасыз ету үшін өтінімдер тәуелсіз шолушылардың қорытындыларына сай қарастырылады. Өтінімдер қаралып болғаннан кейін Ұлттық Банк зерттеудің бір тақырыбына бірнеше грант беруге немесе кейбір тақырыптарды грантсыз қалдыруға құқылы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық банк #зерттеу жұмыстары #грант #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларындағы экоакция: қоқыс жинап, кофе ал

Бүгін 10:24

Алматыдағы «Ten Qogam»: ерекше қажеттілігі бар жандарға кешенді қолдау және жұмысқа орналасуға жол

Бүгін 09:59

Қазақстандық топ-менеджерлер халықаралық сарапшылардан ЖИ бойынша білім алады

Бүгін 09:46

Алматыда ұлттық құндылықты ұлықтаған аналар марапатталды

Бүгін 09:30

Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Бүгін 09:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика