Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Ұлттық банк мамандары қарашада теңге не себепті әл...

Ұлттық банк мамандары қарашада теңге не себепті әлсірегенін түсіндірді

Қаржы 01.12.2022, 09:30 1,518
Ұлттық банк мамандары қарашада теңге не себепті әлсірегенін түсіндірді
Сурет: Inbusiness.kz

Өткен айда теңге 0,14%-ға әлсіреді.


Қарашада Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ, сондай-ақ БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операциялар жүргізбеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Орталық банк өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, қарашаның қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 468,90 теңгеге дейін 0,14%-ға әлсіреді.



«Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 121-ден 132 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,9 млрд АҚШ долларын құрады. Мұнай бағасы төмендегеніне қарамастан, валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан, көбіне, "тоқсандық салық аптасы" факторы есебінен теңгерілді», – делінген ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарламасында.



Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін сатуы өткен айдың ішінде шамамен 500 млн АҚШ долларына тең болды. Квазимемлекеттік сектор компаниялары валюта нарығында сатуды екінші деңгейлі банктер арқылы дербес жүзеге асырады.



«Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сату қарашада 70 млн АҚШ долларына тең болды. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 2,4% және бір күнде кемінде 10 млн АҚШ доллары болды. Ұлттық Қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде Ұлттық банк нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді», – делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәліметінде.



Банк өкілдерінің сөзінше, бұл тәжірибе Ұлттық Қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теңге #банк #Қазақстан #валюта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика