Монета Қазақстан теңге сарайында соғылды. Алдағы уақытта сатылымға шығарылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алтын жалатылған монета 925 сынамалы күмістен тұрады, массасы 62,2 грамм, диаметрі 50 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 2 000 теңгелік, таралымы – 1 000 дана.
Ол елдің бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банктік шоттарға есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.