AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ұлттық әдеби «Айбоз» сыйлығы табысталды

Ұлттық әдеби «Айбоз» сыйлығы табысталды

Мәдениет 15.12.2023, 05:25 1,663
Ұлттық әдеби «Айбоз» сыйлығы табысталды
Сурет: 24.kz

Биыл екінші рет ұйымдастырылған байқау Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті


Байқауға еш жерде жарияланбаған 300-ден аса шығарма түскен, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін байқаудың комиссия мүшелері бірін-бірі білген жоқ. Шығарма авторы да құпия сақталды, - дейді ұйымдастырушылар.«Үздік драматургия» аталымын ақын Исраил Сапарбай «Адам ата, Хауа ана» шығармасы үшін иеленді. Ал «Үздік проза» Қуандық Түменбайға бұйырды.  «Үздік балалар әдебиеті» номинациясына Серік Асылбекұлының «Концерт» шығармасы лайық деп танылды. Бұдан бөлек, «Үздік поэзия», «Үздік комикс» аталымдары өз иелерін тапты. Барлық жеңімпаздарға 5 миллион теңгенің сертификаты табысталды.


Нұржан Қуантайұлы, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары: - Ең көп түскен шығарма номинация ол поэзия мен проза болды. Ал енді ең аз түскен – ол комикс. Бізде балалар комиксі әлі толық дами қойған жоқ. Енді енді қолға алынып жатыр. Бірақ соның өзінде балалар комиксының дамуына осы байқау үлкен серпін беріп отыр.


Жанат Жаңқашұлы, «Үздік поэзия» аталымының жеңімпазы: - Былтыр осы «Айбоз» сыйлығының шорт листына шыққан болатынмын. Екінші әлем деген поэмаммен. Биыл, міне, осы жүлде «Көзімнен сүй, көбелек» атты топтама өлеңдеріме бұйырған екен. Қуаныштымын. Шығармашылық адамына одан асқан бақыт жоқ, еңбегінің бағаланғанынан.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#айбоз #әдебиет #сыйлық #мәдениет #шығарма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);