ffin.kz

Ұлт саулығы – орнықты дамудың негізі

Ұлт саулығы – орнықты дамудың негізі Сурет: Sechenov.ru




Мемлекет басшысының Жолдауына қолдау пікір білдіріп жатқандар бар. Сол пікірлердің бірін Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап ұсынып отыр.


«Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан бұл сөздері әділетті мемлекет, біртұтас ұлт үшін ұйысу, бірігуді білдірсе керек.











Президент болашаққа бағытталған байыпты бағдарлар мен міндеттерді саралау барысында денсаулық сақтау саласына да айрықша назар аудару қажеттігін баса айтты. Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты.


Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлін­беуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.


«Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен», дей келе Мемлекет басшысы медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттігін тапсырды. Бүгінде медициналық әлеуметтік сақтандырылмаған адамдар саны әлі де жетіп артылады. Осының қиындығы емдеу мекемелеріне кедергі болып отырғаны жасырын емес. Халық арасында барынша ақпараттық-насихат жұмыстар жүргізіліп, түсіндіріліп жатқанымен, қиындықтар әлі де бар. Алдағы уақытта осының бәрі ретте­ліп бір жүйеге келсе, сала қызметкер­лерінің жұмысы да алға жүріп, халық денсаулығын арттыру бағытындағы ісімізге жаңаша серпін берер еді. Жалпы, денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесі қайта қаралатын болғаны – қуантарлық жағдай.


Жамбыл облысында алдағы уақытта бірнеше аудан тұрғындарына қыз­мет көрсету үшін жұмыс істеп тұр­ған аудандық аурухана базасын­да көпбейін­ді ауданаралық ауруханалар құрыла­ды. Құрамында инсульт орталықтары және тері арқылы кроналық араласу орталықтары, перинаталдық орталықтар немесе босандыру бөлімшелері, травматология, хирургия және медициналық оңалту бөлімшелері бар көпбейінді ауданаралық ауруханаларды өңірдің Меркі, Талас және Шу қалалық емдеу мекемесі базасында іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда бекітілген халық саны, ауылдардың ауруханамен арақашықтығы есептеліп, қажетті штаттық құрамы және бейін­ді бөлімдердің төсек-орнына қажет­тіліктер анықталуда. Қажетті меди­циналық құрал-жабдықтарды жаңарту секілді өзекті мәселелер бойынша жұмыстар қолға алынды.


Сонымен қатар «Ауылдық денсау­лық сақтауды жаңғырту» қанатқақты жобасын іске асыру үшін облыста 46 жаңа нысан салуға нақты қажеттілік айқындалды. Жолдауда Президент телемедицина бағытын дамытуға басымдық беріп, сол арқылы шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету жөнінде айтты.


Қазіргі таңда телемедицина орта­лығы облыстың барлық емдеу мекемелері ұйымдарымен, сондай-ақ Астана, Алматы қаласының Ғылыми-зерттеу институтымен тәулік бойы бай­ланыста. Орталық арқылы телесеанс­тар өткізу оң жолға қойылған. Облыс бойынша жыл басынан бері мыңға жуық телемедициналық кеңес жасал­ды, оның ішінде телефон арқылы – 107, телемедициналық кеңес саны – 817. Сондай-ақ 324 науқас тасымалдау арқы­лы ем алса, 82 науқасқа ота жасалды.


Ал тұрғындарға медициналық көмек қолжетімділігі мәселесіне келсек, елді мекендерде барлығы 239 269 адамды медициналық тексерумен қамту жоспарланған болса, жыл басынан бері медициналық тексеруден 175 мыңға жуық адам өткен. Оның 50 мыңы – балалар.



«Мен келесі жылдан бастап ауыл тұр­ғындарының мұқтаждықтарына бағыт­талған ұлттық жобаны жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдадым. Екі жыл ішінде қазіргі кезде медициналық меке­месі жоқ 650 ауылда медициналық және фель­дшерлік-акушерлік пункттер салы­нып, толықтай жабдықталады. Осы­лайша, мемлекет миллионнан аса азаматымызды алғашқы медициналық-сани­тарлық көмекпен қамтамасыз етеді.


Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпбейінді медициналық мекеме ретінде қайта құрылады. Онда инсульт орталығы, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері пайда болады», деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.



Облысымызда биыл 23 нысанның құрылысы басталды, оның 22-сі ауылдық жерлерде. Меркі, Жамбыл аудандарындағы орталықтар, сондай-ақ Талас ауданында 9 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті. Жамбыл облысында алдағы 3 жылда ауылдық жерлерде тағы 46 денсаулық сақтау ны­санын салу жоспарланып отыр. 2023 жылы Талас, Меркі, Шу аудандарында ауданаралық ауруханалар ашу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.


Халық үшін жасалынып жатқан әрбір игі іс, әрбір жаңа бастама тәуелсіз еліміздің жаңаша бағытта дамып жатқанының айқын көрінісі. Біз, медицина қызметкерлері, Жолдау аясында атқарылатын жұмыстарды қарқынды түрде дамытуға, ұлт саулығын арт­тыруға бар күш-жігерімізді саламыз.


 






Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10