Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үлкен Алматы көліне апаратын жол жөнделеді

Үлкен Алматы көліне апаратын жол жөнделеді

Әлеумет 18.03.2022, 09:53 1,052
Үлкен Алматы көліне апаратын жол жөнделеді
Сурет: Fbc.ua

Жобалау-сметалық құжаттама дайын.


Үлкен Алматы көліне апаратын жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ауқымды дайындық жұмыстары басталды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұлттық компанияның мәліметінше, республикалық маңызы бар «Алматы–Космостанция» трассасының 8-34 шақырым аралығы учаскесі («Алма-Арасан» шипажайына кіреберіс) күрделі жөндеуден өтеді.



«Кеше қоғамдық тыңдау өтті. Белсенділер дауыс беріп, Үлкен Алматы көліне апарар жолды күрделі жөндеуге қарсы емес екендіктерін жеткізді. Бүгінде жобалау-сметалық құжаттама дайын, экологиялық сараптама сатысында тұр. Сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін конкурс жарияланып, заңнамаға сәйкес мердігер анықталады. Содан кейін учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Айта кету керек, жол екі жолақты болып қала бермек. Сонымен қатар, жобада 1-ге 10 өтемдік ағаш отырғызу қарастырылған»,- делінеді «Қазавтожол»-дың хабарламасында.



Күрделі жөндеу жұмыстары аясында аумақта бақылау алаңдары, автокөліктерге арналған тұрақтар және тас құламасынан қорғайтын торлар салынбақ.


«Казавтожол» ҰК өкілдерінің айтуынша, жол инфрақұрылымын қайта құру жұмыстары туризмді одан әрі дамытуға оң әсер етеді және қонақтар мен жергілікті тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасайды. Ал төтенше жағдайлар кезінде арнайы техника жергілікті жерге одан да жылдам жетеді.


Жобаны 24 айда жүзеге асыру жоспарланып отыр.


Айта кетейік, Алматы - Космостанция республикалық маңызы бар жол III санатқа жатады, жабыны - асфальт-бетон, ұзындығы 26 шақырым.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #жөндеу #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика