AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үлкен Алматы каналынан 5 мың гектар жер суарылады

Үлкен Алматы каналынан 5 мың гектар жер суарылады

Әлеумет 20.08.2024, 17:40 1,093
Үлкен Алматы каналынан 5 мың гектар жер суарылады
Сурет: Gov.kz

Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ирригация және дренаж жүйелерін (ИДЖ) кешенді реконструкциялау жұмысы аяқталуға жақын.

Аталған жүйелер егіс алқаптарына су беріп, жерасты суларының деңгейін реттейді және топырақтың тұздануымен күреседі, деп хабарлайды aqshamnews.kz Cу ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ИДЖ қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр, оның көмегімен Үлкен Алматы каналынан 5 мың гектар жер суарылады. Бүгінгі таңда ұзындығы 58,3 шақырым болатын арналар 90%-ға қайта жаңартылды. Су беруді реттейтін 478 гидротехникалық құрылыстың 372-сі жөнделді.

Жамбыл облысының Шу ауданында Оң жағалау магистральдық каналдан 5 мың гектар жерге су беретін ИДЖ реконструкциялануда. Бүгінгі таңда ұзындығы 69,6 шақырым канал 83%-ға, ұзындығы 25,3 шақырым болатын дренаж жүйесі 69%-ға, ұңғымалар орнату жұмыстары 87%-ға аяқталды.

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 4 ауылдық округте 15,1 мың гектар егіс алқабын Сол жағалау магистральдық каналынан сумен қамтамасыз ететін ИДЖ қайта жаңғырту бойынша «Қызылорда-1» жобасы іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 1427 шақырым каналдың 95%-ы қайта жаңартылды, 14 533 гидротехникалық құрылыс жөнделді, ал 328 шақырым дренаж жүйесін реконструкциялау 99%-ға аяқталды.

Барлық үш жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«Бұл жұмыстардың барлығы Дүниежүзілік банкпен бірге жүзеге асырылып жатқан еліміздің оңтүстігіндегі суару және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының екінші кезеңінің бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, Түркістан облысында екі ИДЖ реконструкциялау аяқталуға жақын. Осыған дейін Жамбыл облысында екі жоба аяқталды. Орындалған жұмыстар каналдардың тиімділігін 25%-ға арттыруға, су шығынын азайтуға, сондай-ақ топырақ жағдайын және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік берді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ирригация #дренаж жүйелері #үш облыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Терезені жаппаған ата-ана айыппұл арқалауы мүмкін

Бүгін 11:03

Көптің жүрегін жаулаған дәм: балмұздақ шаһарынан эксклюзив фоторепортаж

Бүгін 11:02

Алматыда қайта өңделетін және қауіпті қалдықтарды қабылдау бойынша экоакция өтеді

Бүгін 10:41

Қазақстанда ана өлімі азайған

Бүгін 09:48

Алматы жастарына Нобель сыйлығының лауреаты Раэ Квон Чунг дәріс оқыды

Бүгін 09:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика