ffin.kz

Үлкен Алматы айналма автожолының ақысы автоматты түрде есептеледі

Үлкен Алматы айналма автожолының ақысы автоматты түрде есептеледі Сурет: ашық дереккөз

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы – 1-А техникалық санатындағы автобан. Бұл туралы «ҮАААЖ инвестициялар мен операциялар» ЖШС директоры Айман Жанұзақова-Баран айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«ҮАААЖ-нің жалпы ұзындығы – 66 шақырым. Оның 52 шақырымы 6 жолақтық, 14 шақырымы 4 жолақтық жол. Бұл жолда сағатына 120-140 шақырым жылдамдықпен жүруге болады. Жалпы, жол бойында 43 көпір бар. Айналма жол Алматы облысының үш ауданын басып өтеді: Қарасай, Іле, Талғар ауданы. Жоспарға сәйкес, жолда жүру ақылы түрде болады. Біз тоқтаусыз қозғалыс кезінде болатын ақылы жүйені жоспарлап жасадық. Бақылау аркалары арқылы тоқтаусыз өтуге болады, онда біздің бейнекамералар көліктерді түсіріп, кейін көлік иесіне жол ақысы туралы хабарлама жіберіледі», - деді спикер.



Ол сондай-ақ, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы Индустрия және инфрақұрылым министірлігінің көмегімен, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Ислам даму банкінің синдикат банктер болуымен салынғанын айтты, деп жазды Қазақпарат.



«Концепция шартына 2018 жылы қол қойылған еді. 2020 жылдың тамыз айында қаржылық жабуды аяқтадық. Осыдан соң ҮАААЖ құрылысы басталды. Концепция бойынша құрылыс мерзімі 50 ай болған еді, алайда мердігер компанияларымыздың көмегімен құрылыс жұмыстарын 32 айда бітірдік. Жалпы, жол салу кезінде аумағы 22 млн куб-тен астам жерде жұмыс жүрді, 7 көлік айрығы салынды. Жол жабындысы асфальт-бетон қоспасынан жасалды. Құрылыс аяқталған соң біз енді пайдалану мерзіміне көштік. Біз жолды 15 жыл бойы күтіп ұстауды жоспарлап отырмыз», - деді Айман Жанұзақова-Баран.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04