Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Ұландық дос» жобасы: Ұлттық ұлан сарбаздары арасы...

«Ұландық дос» жобасы: Ұлттық ұлан сарбаздары арасындағы бауырластық арта түспек

Әлеумет Бүгін 10:13 22
«Ұландық дос» жобасы: Ұлттық ұлан сарбаздары арасындағы бауырластық арта түспек
Сурет: Polisia.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында әскери ортадағы өзара қолдау мен жауынгерлік бауырластықты нығайту мақсатында "Ұландық дос" жобасы қолға алынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл бастама елордада орналасқан 5573 әскери бөліміндегі мерзімді әскери қызметшілер арасындағы сенімді арттыруға бағытталып, алғашқы оң нәтижелерін көрсетіп жатыр.

Жаңа жүйеде сарбаздар 2-5 адамнан шағын топтарға біріктіріледі. Олар қызмет барысында да, күнделікті әскери өмірде де бір-біріне тірек болып, туындаған мәселелерді шешуге және моральдық тұрақтылықты сақтауға көмектеседі. Бастама шеңберінде әр өңірден келген жастар бір-біріне бауыр басып үлгерді. Мәселен, Шымкенттен мерзімді әскери қызметке шақыртылған қатардағы Мұхамедәлі Құралбек пен Семей тумасы Данияр Кеңесов алғашында бір-біріне мүлде бейтаныс болған. Мұхамедәлі Ұлттық ұлан сапына Даниярдан кейін қосылған. Жаңа орта, жаңа талап, жаңа тәртіп – әр сарбаз үшін жауапты кезең. Сол сәтте Данияр жаңадан келген қаруласына алғашқы күннен-ақ қолдау білдіріп, әскердің күн тәртібіне тез бейімделуіне көмектесті.

"Ұландық дос" аясында бір топқа біріктірілгеннен кейін жігіттер қысқа уақыт ішінде тіл табысып кетті. Олар бірге жауынгерлік кезекшілікке түседі, жауынгерлік дайындықта бір-біріне көмектеседі, тапсырманы қатар орындайды. Біреуі шаршап тұрса, екіншісі демеп жібереді. Осындай өзара сенім олардың әскери ұжымға тез сіңісіп кетуіне мүмкіндік берген.

– Бос сәттерде біз жиі әңгімелесіп, туған жерімізді еске аламыз. Мен Даниярға оңтүстіктің салт-дәстүрін айтып беремін, ал ол семейлік өңірдің ерекшеліктерімен бөліседі. Осылайша саптағы серіктестік бірте-бірте шынайы достыққа айналды, – дейді қатардағы Мұхамедәлі Құралбек.

Бөлім қолбасшылығының айтуынша, бұл тәсіл командирлерге жеке құрамның көңіл күйін бақылауға, туындаған мәселелерді дер кезінде анықтауға көмектеседі. Айта кетсек, жоба қазір пилоттық форматта іске асырылуда. Егер бастама өз нәтижесін көрсетсе, "Ұландық дос" әдістемесі Ұлттық ұланның барлық әскери бөліміне енгізілмек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғындары референдум мен жаңа Конституцияны қолдайды

Бүгін 11:26

Алматылық спортшы күрестен халықаралық рейтингтік турнирде жеңіске жетті

Бүгін 11:22

Алматы жастары дауыс беруге қатысу мәдениетін ілгерілетіп жатыр

Бүгін 11:02

Журналист Мейіржан Келемеденов жастарды референдумда жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

Бүгін 10:51

Алина Кан: «Референдумға қатысу — ел болашағына жауапты болу»

Бүгін 10:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі