Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Украинадағы Қазақстан азаматтарын Польша арқылы ел...

Украинадағы Қазақстан азаматтарын Польша арқылы елге алдыру қарастырылып жатыр

Әлеумет 28.02.2022, 08:38 1,344
Украинадағы Қазақстан азаматтарын Польша арқылы елге алдыру қарастырылып жатыр
Сурет: Vlast.kz

Украинадағы Қазақстан азаматтарын Польша арқылы елге алдыру үшін 3 рейс ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Украинадағы ахуал «қауіпсіздіктің жоғары тәуекелі бар» деп бағаланғанына және Украина әуе кеңістігінің жабылуына байланысты, «Эйр Астана» әуе компаниясы 2022 жылғы 24 ақпаннан 7 наурызға дейін Украинаға қатынайтын барлық тұрақты рейстерді тоқтатты.


Бұған дейін «Эйр Астана» Қазақстан мен Украина арасында жолаушылар тасымалын Алматы – Киев (аптасына 3 рейс), Нұр-Сұлтан – Киев (аптасына 1 рейс) бағыттары бойынша атқаратын. Қазақстан азаматтарын елге әкелу үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен, ҚР Украина мен Польшадағы Елшіліктерімен, сондай-ақ «Эйр Астана» әуе компаниясымен бірлесіп, Катовице (Польша) - Атырау бағыты бойынша репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтады. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, репатриациялық рейстерді ұйымдастыруға арналған шығындар мемлекет есебінен өтеледі», - деп жазылған «Эйр Астана» АҚ баспасөз қызметі мәліметінде.


«Эйр Астана» осы келісім аясында А-321 үлгісіндегі, сыйымдылығы 179 орындық әуе кемесімен 3 рейс орындауды жоспарлап отыр. Олар: 1) 28 ақпан Польша уақытымен: Атырау (08:45) – Катовице (09:00/10:30) – Атырау (19:20); Ал Нұр-Сұлтан уақытымен: Атырау (09:45) – Катовице (14:00/15:30) – Атырау (20:20). 2) 28 ақпан Польша уақытымен: Атырау (14:00) – Катовице (14:20/16:00) – Атырау (00:20+1), жергілікті уақыт. Ал Нұр-Сұлтан уақытымен: Атырау (15:00) – Катовице (19:00/20:30) – Атырау (21:20), Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен.


«Үшінші рейстің кестесі қосымша хабарланады. ҚР Польшадағы консулының ақпаратына сүйенсек, 28 ақпан күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, Катовице қаласында Қазақстанның 80 азаматы (49 жолаушы және ҚР Украинадағы Елшілігінің 31 қызметкері) бар. Сондай-ақ, бүгін 116 қазақстандық азамат Украина-Польша шекарасынан өтіп, қазіргі уақытта Катовице әуежайына бет алды. ҚР азаматтарының Катовице қаласына келу уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат шамамен 07:00 деп белгіленген», - делінген «Эйр Астана» ұсынған ақпаратта.


Қазақстан Республикасының Польшадағы консулының әуе компаниясына берген ақпараты бойынша, 1-ші рейспен ҚР азаматтарын (116+49 адам) тасымалдау жоспарлануда. ҚР Украинадағы Елшілігінің қызметкерлері (31 адам) 2-ші рейспен ұшуды жоспарлап отыр. «Сонымен қатар, мынадай проблемалар бар: 1) автомобильдердің көп жиналуына байланысты Киев қаласынан шығу қиын; 2) Украина мен Польша шекарасында адамдардың нөпірі қалың (шекарадан Катовицеге дейінгі қашықтық шамамен 400 шақырым)», - деп жазылған мәліметте.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#рейс #Қазақстан азаматтары #ұшақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика