конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Украинадағы жағдай: Журналистер одағы мен «Әділ сө...

Украинадағы жағдай: Журналистер одағы мен «Әділ сөз» қоры мәлімдеме жасады

Әлеумет 12.03.2022, 11:38 1,566 Almaty-akshamy
Украинадағы жағдай: Журналистер одағы мен «Әділ сөз» қоры мәлімдеме жасады
Cурет: Azattyq-ruhy.kz

Мәлімдеме елдегі БАҚ өкілдері мен болгерлерге қарата жасалды


Қазақстан журналистер одағы мен «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры Украина-Ресей мәселесіне қатысты елдегі БАҚ өкілдері мен болгерлерге қарата мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz  тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Ресей-Украина шиеленісі қазір бүкіл әлемде талқыланып жатыр. Ол Қазақстандағы әлеуметтік желіде де қатты белсенділік туғызды. Азаматтар, бірінші кезекте журналистер Конституциямызда кепілдік берілген сөз бостандығын толық көлемде пайдаланып, ойларын еркін жеткізіп жатыр. Бірақ көбі өз пайымдарын қорғау кезінде қан қызуымен шектен асып кетуде. Ал ондай шек біткен жерде жек көру тілі басталады», - деп жазылған Қазақстан журналистер одағының ресми сайтына жарияланған мәлімдемеде.



Мәлімдеме авторлары бүгінгідей жағдайда ақпарат таратудың халықаралық стандарттары бар екенін еске салады.



«Естеріңізге саламыз: халықаралық стандарттар, атап айтқанда, ұлттық, нәсілдік немесе діни өшпенділікті насихаттауға тыйым салу жөніндегі Рабаттық іс-қимыл жоспары «жеккөрушілік» пен «дұшпандықты» мақсатты топқа қатысты айыптаудың, дұшпандықтың және наразылықтың терең және иррационалды сезімдердің көрінісі ретінде қарастырады. Яғни, сіз кез келген әрекетті немесе әрекетсіздікті жек көре аласыз, бірақ сіз азаматтығына, ұлтына, дініне байланысты, ұлтты, діни немесе басқа адамдар тобын жек көре алмайсыз. Кімді болса да, әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ашық жек көру – қалай десек те, жанама бәлкім шамалы мөшерде болатын шығар, бәрі бір қарсы насихат. Осы сөзім арқылы адамдарды неге шақырып тұрмын? Мұның арты іс жүзінде неге әкелуі мүмкін? Өз пікіріңізді білдіре отырып, алдымен осы жағын ойлану керек», - делінген мәлімдемеде.



Мәлімдеменің түйіні кез келген пікірталас жалпы әдеп нормаларынан алыс кетпеуі керек дегенге саяды.


«Біз кез келген өткір мәселені сөзжарыс, пікірталас арқылы ашық талдауды қолдаймыз. Дәйектерге сүйенген, ешкімді қорламай, кемсітпей, қорқытып-үркітпей және агрессия танытпай дауласуды жөне деп білеміз. Қоғамдағы хаос – сөздегі хаостан, сөздегі хаос – бастағы хаостан басталады. Ондай тізбек кімге керек?


Журналистер мен блогерлердің өз ұстанымдарын білдірген кезде сөзжарыс мәдениетін, қарсыласқа деген құрмет пен қоғам алдындағы жауапкершілікті есте сақтауы бұрын-соңды дәл мұндай маңызды болып көрген жоқ деп есептейміз», - деп жазылған Қазақстан журиналистер одағы мен «Әділ сөз» қорының бірлескен мәлімдемесінде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#журналист #Мақал #Әділ сөз #Украина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Бүгін 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Бүгін 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 17:17

Алматылықтар сайлаушылар тізімінен өзін қалай тексереді?

Бүгін 17:15

Дауыс беру күні тіркелген жеріңізде болмайтын болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);