AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Үкіметте отандық вагон жасау саласын дамыту мәсел...

Үкіметте отандық вагон жасау саласын дамыту мәселелері қаралды

Экономика 27.08.2026, 18:00 336
Үкіметте  отандық вагон жасау саласын дамыту мәселелері қаралды
Primeminister.kz

Вагон жасау саласының негізгі кәсіпорындарының айналасында өнеркәсіптік кластер қалыптастыру қажеттігі атап өтілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік органдардың, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің, Атырау вагон жасау зауыты, «ЗИКСТО» АҚ және «Семей машина жасау» АҚ басшыларының қатысуымен отандық вагон жасауды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кәсіпорын басшылары өндірістің қазіргі жағдайы, өндірістік қуаттардың жүктелуі және одан әрі даму жоспарлары туралы баяндады. Кәсіпорындарды тұрақты әрі ұзақмерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуге, өндірісті дамытуға, қазақстандық қамту үлесін арттыруға баса назар аударылды.

Нұрлыбек Нәлібаев отандық вагон жасауды өнеркәсіптік кооперация негізінде жүйелі түрде дамыту, шикізат пен материалдарды жеткізушілерден бастап құрамдауыштар өндірушілері мен сервистік компанияларға дейінгі тұрақты өндірістік тізбекті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Вагон жасау саласының негізгі кәсіпорындарының айналасында өнеркәсіптік кластер қалыптастыру қажеттігі атап өтілді. Бұл тәсіл құрамдауыштар мен жартылай фабрикаттарды өндірушілерді, материалдар жеткізушілерін, сервистік компанияларды, ғылым мен білім беру ұйымдарын біріктіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, өндіріс көлемі ұлғайып, саланың бәсекеге қабілеттілігі артады.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары теміржол саласының қажеттіліктерін қамтамасыз ету кезінде қазақстандық кәсіпорындардың әлеуетін барынша пайдаланудың қажеттігін атап өтті. Отандық өндірісті дамыту импорттық өнімге тәуелділікті азайтып, елдің өндірістік базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға отандық вагон жасауды одан әрі дамыту, қазақстандық қамту үлесін арттыру және өндірістік кооперацияны кеңейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вагон жасау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);