AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысы...

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Білім және ғылым 15.08.2026, 10:43 238
Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды
Primeminister.kz

Балалардың қауіпсіздігі сөзсіз басымдық болып қала береді және тұрақты бақылауда болуы тиіс, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Үкіметте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңесте алдымен жаңа оқу жылына дайындық барысы қаралды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оқушыларды қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады. Бұл бағыттағы тиісті жұмыстар еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп, тұрақты бақылауда екені атап өтілді.

Аида Балаева жаңа оқу жылына дайындық барлық деңгейде кешенді тәсіл мен айрықша назарды талап ететінін айтты. Сондай-ақ негізгі міндеттер қатарында білім беру инфрақұрылымының толық дайындығын қамтамасыз ету, мектептерді қажетті ресурстармен уақтылы жабдықтау, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына көмек көрсету мәселелерін атады.

Премьер-министрдің орынбасары жоспарланған барлық іс-шараларды сапалы өткізуді, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Кеңесте қаралған екінші мәселе – балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру, балалар сауықтыру орталықтарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Оған қатысты өңірлер арасында озық тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Биыл 17,8 мың бала, оның ішінде ауылдық жерлерден 5 890 бала басқа өңірлердегі сауықтыру орталықтарына жіберілген. Мұндай тәсіл қолда бар инфрақұрылымды тиімді пайдалануға, балалардың сапалы сауықтыру демалысына қолжетімділігін кеңейтуге және өңірлер арасындағы мүмкіндіктер теңсіздігін азайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Сонымен қатар балалар сауықтыру орталықтарының қауіпсіздігі мен лицензиялануы, сондай-ақ олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі жеке қаралды. Бүгінде 131 балалар сауықтыру орталығы лицензия алған.

Вице-премьер балалардың қауіпсіздігі сөзсіз басымдық болып қала беруге және тұрақты бақылауда болуға тиіс екенін атап өтті. Бұл тамақтанудың сапасы мен қауіпсіздігінен бастап, балаларды тасымалдау талаптарының сақталуына, қоғамдық, санитариялық және өрт қауіпсіздігіне, сондай-ақ су айдындары мен адамдар көп жиналатын орындардағы қауіп-қатердің алдын алуға дейінгі барлық мәселені қамтиды.

Аида Балаева профилактикалық шараларды күшейтіп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және осы жұмысқа тартылған барлық қызметтің жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Жазғы сауықтыру науқанын қорытындылаған Премьер-министрдің орынбасары атқарылған жұмыстарға кешенді талдау жүргізуді, қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауды және оның нәтижелерін алдағы уақытта балалардың демалысын ұйымдастыру кезінде ескеруді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үкімет отырысы #Аида Балаева #Білім беру #Жазғы демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны – 2026: Олжас Бектенов жиналған астықтың сақталуы және диқандарды ерте қаржыландыру жұмыстарын бастауды тапсырды

Бүгін 14:30

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);