AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру тура...

Үкімет Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын Парламентке ұсынды

Әлеумет 30.05.2024, 10:06 1,005
Үкімет Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын Парламентке ұсынды
Сурет: интернеттен

2024 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды. Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

 

Түркістанның рухани-мәдени және тарихи орталық ретінде дамуы

Заң жобасы Түркістан қаласын Қазақстанның рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде қалыптастыру мен дамытудың құқықтық негіздерін белгілейді. Құжат қаланың тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштері мен объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қорғау аумағында орналасқан ескерткіштерді басқарудың, сақтаудың және олардың тұтастығын қолдаудың оңтайлы жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, заң жобасы кесене аумағында ғылыми археологиялық зерттеулер мен ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жоспарлау мен басқаруды қамтамасыз етеді.

 

Мәдени мұраны сақтау және жаңғырту

Заң жобасы мәдени мұраны сақтау және жаңғырту, дәстүрлі қолөнерді дамыту, Түркістан қаласын рухани-мәдени, тарихи және туристік орталық ретінде дамыту және ілгерілету мақсаттарын көздейді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау мақсатында тарихи орталықтың құрылысын реттеу аймағында биіктігі 7 метрден асатын, сондай-ақ тарихи ескерткіштермен үйлеспейтін объектілердің құрылысына жол берілмейді.

 

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау

Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және қорғау үшін әрбір объектіге тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамаға сәйкес олардың қорғау аймақтары белгіленеді. Қаланың бас жоспарына енгізілетін тарихи-сәулет тірек жоспарлары мен тарихи-мәдени мұра объектілерінің тиісті жергілікті жердің карта-схемалары жасалады.

Қала аумағында тарихи-мәдени мұра объектілеріне қауіп төндіретін құрылыс және шаруашылық қызмет жүргізу тыйым салынады. Археология ескерткіштерінің тұтастығын, түпнұсқалығын сақтап қалу мақсатында Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерваты құрылады. Резервата енгізілген ескерткіштерді қорғау саясаты тұрақты инспекциялау, алдын ала күтім жасау және қолдау бағдарламаларына негізделеді.

 

Қосымша құзыреттер беру

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды. Бұл заң жобасы Түркістан қаласының рухани-мәдени және тарихи орталық ретінде дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиімді институционалдық орта құру үшін уәкілетті органдар мен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреттерін кеңейтуге бағытталған.

Еске сала кетейік, 2021 жылы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы деп тану туралы шешім қабылданған болатын.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қожа Ахмет Ясауи кесенесі #рухани-мәдени орталық #ерекше мәртебе #археология ескерткіштері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда діни радикалданудың алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін 16:05

Мигранттарға арналған «Діни сауаттылық және экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін 16:05

Алматыда Жаңару күнінде 400-ден астам ағаш егілді

Бүгін 15:49

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Бүгін 15:32

Екібастұзда құмар ойынға салынған мемқызметшілер әшкереленді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика