Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет резервінен жаңа егіннің астығын тікелей сат...

Үкімет резервінен жаңа егіннің астығын тікелей сатып алуға 10 млрд теңге бөлінеді

Әлеумет 18.11.2024, 16:07 688
Үкімет резервінен жаңа егіннің астығын тікелей сатып алуға 10 млрд теңге бөлінеді
Сурет: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аграрлық мәселелер жөніндегі Комитеттің «Биылғы егінді сақтау, өткізу мәселелері және оларды шешу бойынша Үкіметтің жоспары» тақырыбындағы кеңейтілген отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ведомство шағын шаруашылықтардан сатып алудың басымдылығын белгілей отырып, жаңа егіннің астығын тікелей сатып алуды ұйымдастыру туралы мәселені пысықтап жатқанын хабарлады.

«Үкімет резервінен 10 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл шара нарықты тұрақтандыруға және нарықтық құны бойынша 155 мың тонна астық сатып алуға мүмкіндік береді. 1 млн тоннаға жуық ауқымды сатып алу үшін 75 млрд теңге көлемінде қосымша қаржыландыру қажет», - деді министр.

Астықтың ішкі бағасының төмендеуі кезеңінде азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлерге астықты интервенциялық сатып алу арқылы тиімді бағамен сатуға көмектеседі, осылайша фермерлердің шығындарын азайтады.

 Жоғары баға кезеңінде мемлекеттік оператор астықты ұн тарту, мал және құс шаруашылықтарына нарықтық бағадан төмен бағамен өткізеді, осылайша түпкілікті өнім бағасының өсуін тежейді.

Осылайша, азық-түлік корпорациясы өз қызметі шеңберінде форвардтық келісімшарттар мен тауарлық кредиттер беру, ұн тартатын, мал және құс шаруашылықтарына арзандатылған бидайды өткізу арқылы нарыққа жүйелі қолдау көрсетеді.

Бұл тетік АӨК дамуын ынталандыра отырып, экономикаға мультипликативті әсер етеді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру түріндегі нүктелік әлеуметтік әсер етеді.

Астықты үздіксіз экспорттау бойынша шаралар қабылданды: астықты тасымалдауға шамамен 11,8 мың бірлік астық тасушы және 16 мың бірлік жабық вагон тартылды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 10 айында ҚТЖ 7,9 млн тонна астық жүктерін тасымалдады, оның ішінде ішкі қатынастар бойынша 1,9 млн тонна және экспортқа 6 млн тонна жөнелтілді.

Айта кетейік, бұл мәселелер кешенді тәсілді талап етеді, осыған байланысты тиімді шаралар қабылдау үшін министрлік барлық мүдделі тараптармен пысықтау жүргізуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үкімет резерві #жаңа егін #астық #тікелей сатып алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика