Үкімет Каспий теңізі институтын дамытуға қаржы бөлді

Үкімет Каспий теңізі институтын дамытуға қаржы бөлді Сурет: techinsider.ru

Үкімет Каспий мәселесін зерттеуге қосымша 305 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ-қа Үкімет резервінен 305 млн теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды», – делінген үкімет таратқан ақпаратта.

2025 жылы Қазақстанда Каспий теңізі жөніндегі ғылыми-зерттеу институты жұмысын бастаған. Олар теңіздің тартылу себептерін зерттеп, экожүйе жағдайын бақылап, су қоймасын қалпына келтіру жолын іздейді. Ұйымды қаржыландыруға бұған дейін 846 миллион теңге бөлінетіні хабарланған.

• 518 млн теңге – жабдық сатып алуға (жергілікті бюджеттен), 

• 328 млн теңге – штат пен инфрақұрылымды ұстауға (республикалық бюджеттен).

2024 жылы Каспийдің Қазақстан жақ бөлігіндегі су деңгейі 26 см-ге төмендеп, Балтық жүйесі бойынша -29,12 метрге жетті. 2050 жылға қарай тағы 3–5 метрге түсуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17

14:16

13:23

13:21

12:23

12:07