AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет G4 City жобасын талқылады

Үкімет G4 City жобасын талқылады

Әлеумет 11.07.2023, 07:29 810 Almaty-akshamy.kz. 
Үкімет G4 City жобасын талқылады
Сурет: primeminister.kz

G4 City Жаңа Жібек жолының бойында орналасады.


Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен, мемлекеттік органдар мен ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте G4 City жобасын одан әрі іске асыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. 


«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ атқарушы директоры Нұрлан Тойымбек G4 City жобасы үшін қызметтің қажетті салалардағы қатынастарды реттейтін өзіндік актілердің белгілі бір санын әзірлеу қажет болатынын айтты. Бұл ретте жоспарлау сатысында G4 City актілерімен реттелетін салаларды алдын ала анықтау маңызды. Қалғандары ҚР заңнамасымен реттеледі.


Сондай-ақ Н.Тойымбек Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген және бөлетін квота шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары беретін рұқсаттар негізінде жұмыс берушілер тартатынын атап өтті.  ШЖК-ны тарту мәселелерін реттейтін негізгі нормалар «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР заңдарында қарастырылған. Бұл ретте жекелеген рәсімдер заңға тәуелді бірқатар актімен реттеледі.


G4 City жобасын жүзеге асырудағы негізгі мақсат – қоғамның әлеуметтік құрылымын сапалы өзгерту, дені сау, белсенді, білімді азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру. Бұл ең алдымен халықтың өмір сүру сапасын едәуір арттыру,  елдегі демографиялық жағдайды жақсарту, адами капиталдың және еліміздің серпінді дамуына жағдай жасау.


G4 City қаласы Жаңа Жібек жолының бойында орналасқан жаңа экономикалық және жаһандық туристік орталыққа айналады деп күтілуде. Дамудың ауқымды перспективаларын ескере отырып, G4 City 2,2 млн-нан астам тұрғыны бар интеграцияланған қала ретінде дамып, G4 City 2050 жылға қарай 1,1 млн-нан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді деген болжам бар.


Кеңес қорытындысы бойынша, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Кеше 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Кеше 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Кеше 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика